Кәсіпкерлік грантқа 200 миллион теңге бөлінді

 Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мақсатында  200 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Гранттар әлеуметтік маңызды жобаларға беріледі. Оған әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамтушылар, мүгедектерге қызмет көрсетіп, тауар  өндіретіндер және қоғамға пайдалы өзге іспен айналысатын кәсіпкерлер қатыса алады. Берілетін максималды сомма 5 млн.теңге.  Грантқа қатысу үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің реестріне тіркелу қажет. Өтінішті KEZEKTE.KZ жүйесі арқылы беруге болады. Мысалы, өткен жылы 28 жобаға 140 миллион теңге бөлінді.«Бұл қолдау жастарды ынталандырып,  жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді» дейді мамандар.

РАЙЫМБЕК ИЕМБЕРДІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Наурыз айының 1 мен 15 аралығында құжаттарды қабылдау жаңағы әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне құжаттарды қабылдау басталады. Оны біздің Алм облысы кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасына жүгініп жаңағы құжаттарды қолма қол өткізуге кәсіпкерлерді шақврамыз және осы әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне тіркелк отырып грант иесі атануға үлкен мүмкіндік бар екенін жариялаймыз» 

Сондай-ақ оқыңыз: