Алатау қаласында 44 жоба іске қосылады

Президент тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру мен инфрақұрылымды дамыту жолдары қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының Alatau City жобасына ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Алатау қаласы ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде заманауи цифрлық қала ретінде қалыптасады. Ал Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев қазіргі таңда Парламентте «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралып жатқанын жеткізді. Жалпы қала аумағында 44 инвестициялық  жобаны іске асыру көзделген. Соның ішінде Арна» қосалқы электр стансасының және «Ынтымақ» су тоғаны құрылысын жобалау жұмысы бар. Қаладағы энергия, су, газ және жол желілерін салу  жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

ГАРРИ УИЛЬЯМ ДОББС 
АЛАТАУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ 
Аударма  «Алатауда жаңа “ақылды” технологияларды енгізуге бірегей мүмкіндік бар. Бұл Алатау үшін смарт-технологиялары озық  дамыған Қазақстандағы алғашқы қала атануына  жол ашады. Сондықтан мен қаланы экономикалық, қаржылық және құқықтық аспектілерді қамтитын  ауқымды жоба ретінде көремін» 

Сондай-ақ оқыңыз: