Онлайн сауда бақыланады

Маркетплейстер мен интернет дүкендерден сауда жасаушылардың құқығы жиі бұзылылып жатыр.

Мәселен, өткен жылы Алматы облысы бойынша қашықтықтан тапсырыс берушілерден 2600 ге жуық шағым келіп түскен. Мамандар азаматтарды онлайн-сатып аларда абай болуға және құқықтарын қорғауға уақытылы жүгінуге шақырды. Брифингте  әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар тізімі кеңейтілгені айтылды. Осылайша тұрақты бағамен сатылатын 19 тауар тізімі  31-ге дейін артты.«Қазір осы тізімдегі азық-түлік бағасының негізсіз өспеуін қадағалап, әлеуметтік тұрақтылықты  сақтау басты назарда» дейді жауаптылар.

ЖЕҢІСБЕК АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАСШЫСЫ
- «Бізде 2025 жылы 2596 өтініш келіп түскен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Ал жылдың басынан бастап 13 осындай өтініш түсті. Тұтынушылар көбінесе алған тауарларының чегін алмайды. Міндетті түрде алатын тауардың, сатушының заңды екеніне яғни алаяқ емес екеніне көз жеткізу үшін ЖСН, мекен-жайы, тауардың толық сапасы жөніндегі сертификаты болсын  барлық тауарды алмас бұрын көз жеткізу керек»

Сондай-ақ оқыңыз: