Жаңа салық талаптары - өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кәсібін шектемейді

Елімізде жаңартылған Салық кодексі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кәсібін шектемейді.

«Керісінше құжат толтыруды жеңілдетіп, уақытты үнемдейді» дейді сала мамандары. (ВИДЕО) Жаңа тәртіп бойынша, жылдық табысы 15 млн. теңгеден аспайтын, жалдама жұмысшы ұстамайтын азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ жұмыс істей алады. Жеке табыс салығы 0% болып белгіленді. Ал әлеуметтік төлемдер, яғни зейнетақы, медициналық сақтандыру  табыстың шамамен 4% мөлшерінде ғана төленеді. Салық есептілігі мен төлемдер e-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Бұл өзгерістер өзін өзі жұмыспен қамтушыларға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, олардың қызметін заңдастыруды жеңілдетпек. Егер азаматтар  жеке кәсіпкер ретінде өз ісін  жалғастырғысы келсе, онда  мерзімді уақытқа дейін салық мекемесін хабардар етулері  керек.  

МЕЙРАМ ӨМІРЗАҚОВ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«27 ақпанға дейін хабарлама беру керек салық органына ол режимде қалатын болсаңыздар. Егер жоқ біз қалмаймыз десеңіз онда жалпыға бірдей декларацияны қолдана бересіз. Өзін өзі жұмыспен қамту деген, орысша айтқанда самозанятые. Ол кісілердің ең басты талабы жеке кәсіпкер болмау керек.Өзінің қол астында жұмыскерлер болмау керек. Сосын ҚР Үкіметімен белгіленген 994 бабына сәйкес 40 түрі белгіленген. Қызметтің 40 түрі. Ол такси, болмаса курьер, шаштараз яғни өзіне жұмыс істейтін кісілер.  

Сондай-ақ оқыңыз: