Қаржылық қадағалау күшейтіледі

Алматы облысы бойынша мемлекеттік тексеру комиссиясы өткен жылдың қорытындысын жариялады. Жыл бойы өңірдегі мемлекеттік мекемелерде бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына аудит жүргізілген.  

Бұл туралы өңірлік баспасөз қызметіне келген комиссия мүшелері мәлімдеді. Тексеріс барысында қаржылық тәртіптің сақталмауы, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану деректері анықталған. Бүгінде осы кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылданып, қаражаттың бір бөлігі бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, заң талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Ал комиссия жауаптылары көрсетілген аудит нәтижелеріне сай аймақтағы қаржылық тәртіпті бақылау барынша күшейгенін атап өтті. 

Сондай-ақ оқыңыз: