Қарасай ауданында 200 тоннаға дейінгі жүк тіркемелерін шығаратын өндіріс іске қосылуда

Қарасай ауданында темірбетон өнімдерін өндіретін іргелі зауыт бар. Кәсіпорын 300 ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып, өңір экономикасына өз үлесін қосып отыр. Бүгінде Орта Азия бойынша теңдессіз технология көмегімен түрлі панельдер шығарады. Ал өндіріс ошағының жалпы жылдық қуаттылығы қаншалық?

АҚЖАН АНАПИЯ ТІЛШІ
- Бұл құрылыста кең қолданылатын сэндвич панельдер. Материал зауыт, қойма, мен көкөніс сақтайтын нысандардың сыртын қаптауға арналған.  Өнім жаңа PIR технологиясы шығарылады. Айта кету керек, Орта Азияда бұл технологиямен жұмыс істейтін алғашқы зауыт. Кәсіпорын тәулігіне 2 500-ден 6 000 шаршы метрге дейін өнім өндіруге қауқарлы. ПИР технологиясымен панельдер жылуды екі есе жақсы сақтайды, жеңіл әрі суға төзімді.

Өндіріс қуаты жылына 2 милион 500 мың бірлікке дейін жетеді. Жалпы кәсіпорын құрылыс, энергетика және машина жасау бағыты бойынша жұмыс істейді. Қосымша электр желілерін тартуға арналған темірбетон тіректерін шығаратын заманауи өндірістік цех та жұмыс істеп тұр.  Олар төмен кернеулі желілерден бастап қуатты магистральдарға дейін, яғни 750 киловольтқа дейінгі электр желісіне арналған. Ал Бір жыл бұрын іске қосылған ПИР технологиясы 18 метр ұзындықта панель әзірлеуге қауқарлы. «Зауыт көлемін әлі де ұлғайта түсу жоспарда бар. Алайда алдымен инфрақұрылым мәселесін реттеу керек» - дейді компания жауаптылары.

НҰРБОЛ БЕРІКБОЛҰЛЫ
КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ

- Арнайы цехта компания машина жасау өндірісн жолға қойған. Мұнда жүк көтергіші 50 тоннаға дейінгі алып крандар, сондай-ақ 20-дан 200 тоннаға дейінгі жүкке арналған автомобиль тіркемелер шығарылады. Бұл өз кезегінде ел бойынша техникаға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Алайда ауыр типтегі көтергіш кран мен ауыр жүк тасымалдайтын прицептер шетелден жеткізіледі. Десе де бұл өнімдерді кәсіпорын ішінде шығаруға да болады.  Және сол мақсатта жұмыс атқарылып жатыр. 

ӘЛИШЕР НҰРМАҒАНБЕТ
ӨНДІРІС БОЙЫНША ДИРЕКТОР
- Біздің осы үш өндірістік изделияны Қазақстанға Қытайдан, Ресейден, Түркияяда, шетелден алып келеді. Соны біз өзіміздің Қазақстанда шығарып, дамытып және де елге көрсеткіміз келеді шығаруға болатынын және оны тек қана біз шығармайық, басқа да біреу шығрасын. Бірақ оны қаншалықты шығғаруға болатынын біз дәлелдегіміз келеді.

Аталған жобаны жүзеге асыру арқылы зауыт өндіріс көлемін ғана емес, жұмыс орындарын да едәуір арттырады. Яғни 1200 ге дейін адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Бұл өңірдегі әлеуметтік жағдайды жақсартып, азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеруге оң ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыз: