Мұзтаудың мұзды шыңы туристерді баурап жатыр

Алматы облысының сұлу табиғатына қазақстандықтар ғана емес, шетелдік туристер де жиі қызығушылық танытады. Мәселен, өткен жылы өңірге шамамен 13 миллионға жуық турис келген. Саяхатшылар үшін  тартымды нысандардың бірі Райымбек ауданы қақпасындағы - Мұзтау. 

Алатау бөктеріндегі Мұзтау. Құдды бір ертегі әлеміндегідей көрініс. Соңғы жылдары артезиан суларының әсерінен пайда болған табиғат ғажабы көптің назарын аударуда. Күн санап бұл сұлулықты көруге келетін жұрт қарасы көбейген. 

Ерлік Ахметов 
Қарасаз ауылының тұрғыны
Жалпы бұл жерден шығып жатқан артезиан суы. Ауыл азаматтары мен ауыл әкімінің қолдауымен осындай жерден өзі шығып жатқан суды пайдалана отырып осы мұзтауды жасадық. Екі-үш күн болды. Бұл мұзтауға да қыста туристер, қаладан, алыс-жақын ауылдардан келгендер демалыс жасап, бала-шағаларын ойнатып, тамашалайды.

Болашақта бұл елді мекен еліміздегі белді тау-шаңғы курорттарының біріне айналуы әбден мүмкін. Соңғы жылдары Хан тәңіріне жақын орналасқан көрікті жердің сұлу табиғатын тамашалауға келушілердің саны артқан. Мәселен былтыр 25 мың турист табан тіреді.  Қазір мұнда сұранысқа сай 9 бірдей кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді.   

ДАСТАН ҚҰДАБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан экономикасын дамыту мақсатында туризм саласын қолға алып отырмыз. Туристік бағыттарға маршруттар анықталып, сол маршруттар бойынша жолдар салынатын болды биыл.

Туризімді дамудың оңтайлы аймағы ретінде Сарыжаз ауылы белгіленген. Жергілікті тұрғындар да саяхатшыларды шын ниетпен қарсы алуға әзір. Қазір 45 отбасы қонақтарды өз үйлерінде қабылдайды. Тіпті бірқатар кәсіпкер қызықты турлар ұйымдастырып қойған.

Сондай-ақ оқыңыз: