Вафли стақанындағы шұбат: ауылдағы ерекше балмұздақ

Алматы облысында ерекше өнім өндіріле бастады. Жергілікті кәсіпкер түйе сүтінен дайындалатын балмұздақ шығарып, ұлттық тағамға тың серпін беріп отыр. Бүгінде өнімнің жиырмадан аса түрі бар. Табиғи тәтті облыс дүкендерімен қатар, Алматы қаласына да жеткізілуде. Сұраныс та күн санап артып келеді. 

Сарыбұлақ ауылында тұратын Азангүл Әлбосын отбасымен бірге түйе шаруашылығын кәсіпке айналдырған. Шұбатты өңдеудің жаңа тәсілін меңгеріп, одан балмұздақ дайындауға кіріскен. Кәсіпкер бұл бағытта Қытайда арнайы білім алып, ауылда шағын өндіріс орнын іске қосты.

АЗАНГҮЛ ӘЛБОСЫН
КӘСІПКЕР
Енді бұл өздеріңіз де білесіздер шұбаттың қаншалықты адамға пайдалы екенін. Көбіне балалар ұнатып жейді балмұздақты. Сондықтан бұл балаларға ешқандай бір кері әсері жоқ, витаминдік құрамы өте көп. Балмұздақты жегеннен кейін ауырып қалу дегенді, бұл түйе сүтінен болғаннан кейін, мен ондайды көрген жоқпын осы күнге дейін. Бірақ қоректілігі жоғары

Азангүлдің негізгі мамандығы-заңгер. Ұзақ жылдар Қытайда қызмет атқарған. Он жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударып, ауыл шаруашылығына бет бұрды. Қазіргі таңда шаруашылықта 80-ге жуық түйе бар. Күніне шамамен 150 литрге дейін шұбат сауылады.

ЖАРҚЫН ЖҰМАҒАЗЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"2016-да түйе бастағанбыз жұбайымыз екеуіміз. Екі түйеден бастадық. Қазір, міне, өздеріңіз көріп отырғандай, қоралы түйеге жеткіздік. СКЛ Басында қиындау болды, ол кезде енді бұның қыр-сырын біліп кетпейміз, бірақ, енді бұрыннан малдың арасында өстік, мал ұстап"

Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруашылыққа 226 гектар жер телімі бөлінген. Бұл мүмкіндік түйе санын көбейтіп, өндіріс көлемін ұлғайтуға жол ашты. Қазір «қазақы балмұздақтың» жиырмадан астам атауы бар. Табиғи өнім облыс аумағында және Алматы қаласындағы сауда нүктелерінде сатылып жатыр.

БАҚЫТГҮЛ МЕРЕКЕ 
САТУШЫ
- Қолдыкі болғаннан кейін бір жағынан сенімді, бір жағы әдеттегі химиялық мороженоеға қарағанда денсаулыққа да пайдалы. Басында өзіміз клиенттерге түсіндіру арқылы солай-солай ақырындап клиенттер үйрене бастады. СКЛ Жаз кезінде жақсы өтеді, қыста енді ақырындау кішкене...

Алдағы жоспарымен бөліскен Азангүл Әлбосын болашақта ауылда қолөнер мектебін ашуды көздеп отыр. Онда жастарды ұлттық бұйым жасауға үйретіп, түйе жүнінен денсаулыққа пайдалы көрпе-жастық, белдік пен тұрмыстық бұйымдар шығаруды мақсат етеді.

Сондай-ақ оқыңыз: