Алматы облысында «Наурызнама» онкүндігі қалай өтеді?

Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы өзгеше кейіпте, заманауи тыныспен аталып өтпек.

«Наурызнама» онкүндігі аясында  300-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, Ұлттық дәстүр мен заманауи технология тоғысады.   Рухани сабақтастық ретінде «Балаларға базарлық», «Наурыз – қамқорлық мерекесі» қайырымдылық акциялары мен тазалық шаралары өткізіледі. 21 наурызда облыс орталығындағы эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін ауқымды концертке  15 мыңнан астам көрермен жиналады деп күтілуде.

АНУАР ҮМБЕТӘЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған цифрлық жыл деп. Соның аясында наурызға байланысты бізде digital nauryz деген біздің бағдарламамыз бойынша осы біздің облысымызда өтеді. Ол жерде негізінде бізде жаңағы жаңа технологиялар, роботатехника сонымен қатар жасанды интеллект осының бәрін пайдалана отыра біз өзіміздің мерекемізді жоғары деңгейде атқаратын боламыз.

Сондай-ақ оқыңыз: