Алатау қаласында «Наурызнама» онкүндігі аясында «Шаңырақ күні» тойланды

Алатау қаласында «Наурызнама» онкүндігі аясында  «Шаңырақ күні»  тойланды.  Мереке ұлттық құндылықтар мен  қазақы болмыстың тағылымды көрінісіне  айналды.

Жер-дүние бусанып, көктемнің алғашқы лебімен келетін Әз-Наурыз биыл Алатау қаласының тұрғындары үшін ерекше сипатта есік ашуда. Әсіресе, Жаңаталап ықшам ауданындағы мектептердің шырайы кірді. «Шаңырақ күні» аясында ұйымдастырылған игі шарада отбасы институтының қоғамдағы рөлі мен қадір-қасиеті дәріптелді.  Киіз үйлер, ұлттық нақыштағы безендірулер мен күміс күлкіге толы жастардың дауысы мерекені  асқақтата түсті.

ФАТИМА ЖҰМАШЕВА
№11 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Ұмыт болып жатқан тұр сақинам, бес тас және бесікке салу осы салт дәстүрлерді біз көрсеттік. Тоғыз ұлт мектепте білім алады. Сол тоғыз ұлттың барлығы да осы қазақтың салт дәстүрінің дамуына үлкен үлестерін қосып келеді.

Мерекелік бағдарлама мазмұндылығымен тәнті етті. Сахна төрінде ұлттық салт-дәстүрлер жаңғырып, қазақтың қонақжайлылығы мен тектілігі паш етілді.  Үлгілі  отбасылар мен білім беру саласында тер төккен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.  Үлкендердің ғибратты әңгімелері мен ақ батасы өскелең ұрпақ үшін нағыз өмірлік сабақ.

РАҚЫМБЕРДІ ИСАЕВ
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Болашақтағы ұрпақтар да осындай бақытты ғұмыр кешіп, үлгілі отбасы болып отанымыздың өсіп өркендеуіне үлес қосатындай маңызды шаралар өтіп жатыр. Соған үлгі болсын деп келіп отырмыз.  Білімді, ақылды, өнерлі ғып тәрбиелеп бақытты ғұмыр сүре берсін ьолашақ ұрпақтарымыз.

жиынның да негізгі мақсаты осы. Ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды көздеген шарада шаңырақ береке мен бірліктің символы екені айтылды.

НҰРҒИЗА АГМАНОВА 
№10 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Отан отбасынан басталады дейді. Отбасының беріктігі отбасының бір біріне деген сенімділігі, отбасының адалдығы, шаңырақтың берік болуы, іргесінің кең болуы, тең болуы әрине ол отбасылық мерекелерде, мерекені атап өту  маңызды.

Ауладағы алтыбақан жастардың мәз-мейрам мекеніне айналса, әжелер мен ақсақалдар өзара шүйіркелесіп, өткен мен бүгінді сабақтастырды. Бұл қазақ шаңырағындағы берекелі тойдың көрінісі болды. 

Сондай-ақ оқыңыз: