Алматыда Жамбыл мен Динаның мерейтойына орай жыр кеші өтті!
Алматыда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен күй анасы Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған тағылымды концерттік кеш өтті. Бұл кеш – қазақ өнерінің қос алыбының рухани үндестігін айшықтаған ерекше мереке болды.
Жамбылдың жыры мен Динаның күйі мәңгілік. Концертті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырды.Рухани кеште жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың ән жырлары нәсихатталды. Әрі күй аңызы Дина Нұрпейісованың әйгілі күйлері орындалды.
РАМАЗАН СТАМҒАЗИЕВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
Жамбыл атамыздың жырлары да айтыстары да әндері де көп қой. Жетісу өлкесінің әдемі салмақты қоңыр мақамдарын қалыптастырған кісілер ғой. Бізге біраз әндері жетті. Ал менің бүгінгі орындайтыным Жамбыл атамыздың 25 деген әні. Осыған дейін жеткен әндерінен бөлек жаңадан Жамбыл атамның осы 25 деген әні сахынаға көтеріліп жатыр.
ШАТТЫҚ УАТҚАН ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ
Осы Жамбыл атамның жас кезінде сөз байласқан Бұрым атты аруға аранап шығарған “Бұрым” атты әні болған екен. Сол әні табылып жұрт назарына ұсынып жатырмыз. Жамбыл атам жалпы жыр терме толғау шығаруда көп еңбектенген адам ғой.
Жамбыл жырынан - ел тілегі аңғарылса, Дина күйі - қазақ жанының тілсіз ырғағы іспетті. Қос алып алғаш рет 1937 жылды кездескен. Күй анасының шебер қағыстарына тамсанған жыр атасы ағынан ақтарылып ақ батасын берген деседі. Ал Дина ұстазы - Құрманғазының мұрасын ұрпаққа жеткізумен қатар, өзінің жеке күйшілік мектебін қалыптастырған қайталанбас күйші.
АЙГҮЛ ҮЛКЕНБАЕВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
76 жасында бұл кісі кәсіби сахынаға шығады. Бұл енді бұл кісінің сөзбен жекізе алмас қайсарлығы батылдығы. Ол кісіні ешкіммен теңестіруге болмайды. Бұл кісінің күйлерінің өміршең болып тұрғанының себебі сол бұл заманға өз орындауындағы бейне таспалардың жетуі. Ол кісінің шеберлігіне әлі күнге дейін таңданамыз. 94 жасына дейін қолынан домбырасының түспеуі. Сол жаста тартқан дыбыс сапасы ғажап енді.
Жыр мен күй тоғысқан бұл кеш Алматылық ағайынға айрықша әсер сыйлап, бөлекше сезімге бөледі.
АЛЬФИЯ САДЫҚҚЫЗЫ
КӨРЕРМЕН
«Керемер әсермен шықтық көңіл күйіміз тамаша. Эмоция деген керемет енді айта алмаймын. Оркетірдің өзі қандай. Күйлер әндер бәрі ғажап.»
АСТЕРХАН СӘРСЕНБАЕВА
КӨРЕРМЕН
«Бүгінгі күнгі жастардың дәстүрлі өнерді қолдауға құлшыныспен кіріскеніне еркше толқыдым.»
Өнер кешінің басты көздегені де – қос алыптың шығармашылық жолы арқылы қазақ жыры мен күй өнерін биікке көтеру.