Райымбек ауданында Амал мерекесі – Көрісу күні кеңінен аталып өтті
Райымбек ауданында Амал мерекесі – Көрісу күні кеңінен аталып өтті. Береке мен бірліктің бастауы саналатын бұл ерекше күні көршілес жатқан Талас пен Шәлкөде ауылының тұрғындары бір шаңырақ астында бас қосып, ұлттық дәстүрді жаңғыртты. Ақсақалдар батасын беріп, ауыл жұрты бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасты.
Шәлкөде ауылындағы Көрісу мерекесі көпшіліктің басын қосқан тағылымды шараға айналды. Көршілес жатқан Талас және Шәлкөде ауылдарының тұрғындары бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады.Ауыл орталығына киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтар дәріптелген мереке ұйымдастырылды.
АРЫСТАН ШЫҢҒЫСОВ
АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ
Аманба халқың малың өрістегі?,
Атта бір шабады ғой желістегі.
Аман-есен келіп тұрмыз Таластан біз
Сіздерменен бүгін бір көріскелі.
Іс шараға жиналған халық қазақтың салт-дәстүрін ұлықтап, ұлттық спорт түрлерінен сайыстарды тамашалады. Аударыспақ, арқан тарту сынды ойындар болды. Ауыл тұрғындары көтеріңкі көңіл-күй мен мерекелік думанға қатысты.
ОРЫНБЕК СӘЛІМҰЛЫ
ШӘЛКӨДЕ АУЫЛДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ
Бүгін мінекей ұшар басы аспанмен астасқан, сонау заңғар биіктің белінде, Хан-Тәңірдің төрінде ырысты да құтты мекеніміз Шәлкөде, Талас ауылдарында ұлыстыі ұлы күні Наурыз мейрамының қарсаңында мінекей амал мерекесін, көрісу мерекесін атап өтіп жатырмыз. Енді мына сақтан қалған салтын, ғұннан қалған ғұрпын жоғалтпаған, ата-бабаның дәстүрін жаңғыртып осындай керемет мерекелеріміз бола берсін! Ел іргесі тыныш болсын! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!
Тәлім-тағылымға толы ұлтық дәстүр іс-шарасы Райымбек ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылып, Көрісу мерекесіне 90 адам арнайы қамтылды. Бұл – ауданның мерейтойлық жылын мәнді істермен өрнектеудің бір көрінісі. Мереке бірлік пен мрекекенің бастауы болып, Шәлкөде ауылындағы ауызбірліктің жарқын үлгісін көрсетті.