Жамбыл ауданында мәдениет үйі ашылды
Жамбыл ауданы Шиен ауылында бір шаңырақ астында мәдениет үйі, әкімдік және спорт кешені орналасқан жаңа кешен ел игілігіне берілді. Құрылыс жұмысына бюджеттен 600 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Нысанның ашылуын үш жыл бойы сарыла күткен тұрғындардың қуанышына тілшіміз куә болды.
Мәдениет – ұлттың келбеті. Онда халық тарихы, салт-дәстүрі, дүниетанымы тоғысады. Шиен ауылында ашылған жаңа мәдени ошақ халық үшін ерекше маңызға ие. Себебі бұл нысанды тұрғындар ұзақ күтті.
Құрылыс жұмысы 80 пайызға аяқталған. Соған қарамастан, 150 орындық мәдениет үйінде жұмыс қызып тұр. Мұнда түрлі үйірмелер бар. Соның бірі- өткен мен бүгінді жалғаған «Әжелер» үйірмесі. Мұнда арулар кесте тігіп, әжелер жіп үйіріп, қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі қайта жанданады. «Алда «Жас актер» клубын ашу да жоспарда бар»- дейді басшылық.
РОЗА ҚАУМЕНОВА
МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Домбыра үйірмесі бар, гитара үйірмесі бар, қолөнер үйірмесі бар, би үйірмеіс бар. СКЛ. Өте көп, өте көп. Қазір бізде Жүргеновта оқып жатыр, Елеубеовта оқып жатыр. Цирковаяда оқып жатыр. Шетелге шығып жатыр. Өнерлі балалар өте көп. Сол себепті сол өнерді ары қарай дамыту үшін біз еңбек етіп, жұмыс жасаймыз енді.»
Ал кешенде орналасқан спорт нысаны енді ауыл аралық, аудандық бәсекелердің орталығына айналып, жас спортшылардың жұлдызын жағып, талай таланттың танылуына жол ашады.
ӘДІЛЖАН БАЙСӘРИЕВ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
« Ауылдың бір жиылысын өткізетін болсақ мектепке жүгіретінбіз. Жиылыс, жәй жиылыстың өзін. Бұл жаңағы өнерге, білімге, дене шынықтыруыға жастарымызға, келешеек ұрпағымызға зор мүмкіндік туып отыр. СКЛ. Енді мынау жақсы жұлдыздарымыз да келе бастайтын шығар деп тұрмыз. Осындай мәдениет үйіміз бар.»
Былтыр ауданда Мәтібұлақ пен Үлгілі ауылында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Ал Қарғалы ауылында мәдениет үйінің құрылыс жүріп жатыр. Сондай-ақ Ынтымақ пен Тарғап ауылында мәдени ошақ пен спорттық-сауықтыру кешенін салуға бюджеттен қаражат бөлінді.