Қонаев көгінде 500 дрон қалықтап, жарқыраған әсем бейнелердің әсерлі шоуы болды
Қонаев қаласының аспанында ерекше көрініс. Шаһар көгінде 500 дрон қалықтап, жарқыраған әсем бейнелердің әсерлі шоуы болды.
Түнгі аспанда бірінен соң бірі пайда болған композициялар көпшіліктің назарын аударды. Аспанда қазақ халқы үшін береке мен бірліктің белгісі саналатын шаңырақ, көктем мен жаңарудың нышаны – қызғалдақ гүлі көрініс тапты. Сондай-ақ дауыс беру белгісі бейнеленіп, әр азаматтың ел өміріндегі маңызды шешімдерге қатысып, өз таңдауын жасауға құқығы бар екені көрсетілді. Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралар өңірдің мәдени өмірін жандандыратынын айтты. Әсерлі де әдемі кеш ары қарай көңілді концертке ұласты.
ЕРБОЛАТ ТҰРЫМБЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Біздің еліміз үлкен бір тарихи кезеңде тұр. 15 наурыз күні біздің еліміз үшінші рет жаңа Ата заңды қабылдауға дайын. Бұған дейінгі Ата заңымыз егемендік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін өзінің миссиясын орындады. Ал енді ел өзгерді, әлем өзгерді, қоғам өзгеріп жатыр, адамның санасы өзгеріп жатыр. Соған байланысты жаңа Конституция керек. Ол еліміздің, экономикамыздың, қоғамның дамуы үшін маңызды»