12 сәуірде Байсерке аэродромында авиациялық маусымның салтанатты ашылуы өтеді

12 сәуірде Байсерке аэродромында авиациялық маусымның салтанатты ашылуы өтеді. Бұл туралы авиабазада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. {ВИДЕО} Іс-шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылмақ. Биылғы «Адам және Ғарыш»  авиафестивалі аясында ауқымды әуе шоуы көрермен назарына ұсынылып, қонақтар ұшқыштардың шеберлігін тамашалайды. Сондай-ақ бағдарламада: алып әуе шарларының аспанға көтерілуі, парашютпен секіру және түрлі әуе шоу-бағдарламалары жоспарланған. Былтыр тамыз айында өткен авиациялық шоуға 10 мың адам келсе, биыл фестивальге келушілер саны бұдан да көп болады дейді ұйымдастырушылар.

ФАРИЗА СИҚЫМБАЕВА 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 
12 сәуір күні адам және ғарыш атты авия шоу болады. Бұл тек алматы облысы ғана емес. Еліміздің әр өңірімен шетелдіктерді де қамтысақ деп отырмыз. Бұл жерде аймақтың туризімін дамыту және бизнес өкілдерін тарт у бойынша жұмытсар атқарылып жатыр. Масштабы өте үлкен болады. Өткен жылы 10 мың адам келсе биыл одан да көп қонақ күтеміз деген ойдамыз.

Сондай-ақ оқыңыз: