Қарасай ауданында жасөспірімдер арасында футзалдан облыс чемпионаты өз мәресіне жетті

Қарасай ауданында жасөспірімдер арасында футзалдан облыс чемпионаты өз мәресіне жетті. Додаға өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық жас спортшы қатысып, FIFA бекіткен футзал ережесіне сәйкес, жабық алаңда өзара мықтыны анықтады.

Матч екі кезеңнен тұрады, әр кезең жиырма минут.  Әр команда алаңға төрт ойыншы және бір қақпашымен шықты. Футзалда офсайд ережесі қолданылмайды. Жас футболшылар жарысқа тыңғылықты дайындықпен келгенін көрсетті. Қарасай ауданын жеңіс тұғырына көтерем деген Әділет облыс біріншілігіне осымен екінші рет қатысып отыр. 

ӘДІЛЕТ ӘБДІМАНАП 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
« Футболдан кумирім – Біржан Оразов. Неліктен? Физикасы мықты болғандықтан. Облысты бітіргеннен кейін бұйырса бірінші орын алып, республикалық деңгейге шығып, ұлттық құрамаға түскім келеді. Республикалық деңгейдегі жетістіктерім көбейгенін қалаймын.»


Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы - әлем чемпионатында  төртінші орын алған мықты команда. Бұл елімізде осы спорт түрі дамып келеді деген сөз. Облыста  шағын футболдан өтетін бәсекелерге  қатысушылар саны да артып келеді дейді» ұйымдастырушылар.

БАУЫРЖАН ӨМІРСЕРІК
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
«Және де осы чемпионаттарға қатысып біздің 2006-2007 туған жасөспірімдеріміз қазіргі таңда Қайрат футзал клубының жастар құрамасында ойнайды және Жетісу футбол клубының жастар құрамасында өнер көрсетіп жүр»

Турнирді Іле ауданы жеңіп алып,  Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Ал екінші орын Қарасай ауданына бұйырса, тартысты бәсекеде Жамбыл ауданы үздік үштікті түйіндеді. Осылайша командалар шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, көрермендерге тартысты ойын сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыз: