Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектеп-интернатында халықаралық конференция өтті
Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы мамандандырылған музыка мектеп-интернатында халықаралық конференция өтті.
Іс-шара сазгердің 120 жылдығына арналған «Zhubanoffest–2026» фестивалі аясында ұйымдастырылған. Дәстүрге айналған игі шараның ауқымы кеңейтіп, ғылыми ой мен шығармашылық бастамалардың тоғысқан алаңына айналуда. Биыл конференцияға қатысуға 6 мемлекеттің оқушылары мен студенттерінен бөлек өнер қайраткерлері, ғалымдар мен педагогтер келді. Тәжірибе алмасу алаңында 100 ден астам баяндама оқылып, 894 беттен тұратын жаңа ғылыми жинақ дайындалды.
ГҮЛЖӘМИЛА ҚҰНДАҚБАЕВА
ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
«Ахмет Жұбановтың атын ешқашан ұмытуға болмайды. Мына музыка мәдениеті, қазақ мәдениеті Ахмет Жұбановтан басталады. Мысалы Құрманғазы атындағы халық оркестрі, опера театры Абай атындағы, консерватория, Чайковский атындағы музыкалық училище бәрінің ашылуы сол кісінің атымен байланысты»
ЕРНАЗАР ҒИМАРАТ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
«Біздің мектебімізде 2 жыл бұрын бастау алған конференция өз географиясын кеңейте түсуде. Айта кетсек 6 мемлекеттен қатысып жатыр Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Түркия мемлекеттерінен. Ахмет Жұбановтың жаңадан келбеті ашылып жатыр. Қазіргі таңда Жұбановтың жаңадан келбеті жас буынның көзімен ашылып, қазіргі таңда студенттер Ахмет Жұбановты қалай көреді, жас ұрпаққа қандай тәрбие берілетіні жазылды»