Талғар ауданында шин-киокушинкай каратэден Алматы облысының ашық турнирі өтті

Талғар ауданында шин-киокушинкай каратэден Алматы облысының ашық турнирі өтті.

Жарысқа Алматы мен Талдықорған қалаларының да спортшылары қатысты. Татамиде 12-ден 17 жасқа дейінгі жекпе-жек шеберлері күш сынасты. Турнирде ел намысын әлемдік ареналарда қорғап, үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүрген каратэшілер де бой көрсетті. Өңірде осы шығыс жекпе-жегінің мектебі қалыптасқан. Жарыс қорытындысы бойынша17 чемпион анықталды.  Енді жеңімпаздар 27 наурызда Орал қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына барады. 

СЕРГЕЙ ДЕМИДОВ
Б.КАБУЛОВ АТЫНДАҒЫ ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ  АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
«Мемлекет қолдауының арқасында бұл спорт түрі жақсы дамып келеді. Соңғы он жылда балалар арасында шин-киокушинкай каратэге қызығушылық айтарлықтай артты. Семинарларға барған сайын осы спортқа келіп жатқан балалардың көп екенін байқаймыз. Ең бастысы – бойларында жауынгерлік рух бар».

Сондай-ақ оқыңыз: