Қарасай ауданында спорт және өнер жұлдыздарының қатысуымен футбол матчы өтті

Бұрын соңды болмаған дода. Қарасай ауданында спорт және өнер жұлдыздарының қатысуымен футбол матчы өтті. Жасыл алаңда ел намысын әлемдік деңгейгі додаларда қорғап жүрген чемпиондар мен танымал эстрада жұлдыздары бәсекеге түсті. Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында өткен айтулы кездесуге 3000 мыңға жуық жанкүйер жиналды.

Үшқоңыр спорт кешенінің футбол алаңына жиналған адам қарасы қалың болды. Әлемдік додаларда топ жарып жүрген спорт саңлақтары мен танымал өнер жұлдыздары жасыл алаңда кездесіті. Жарысқа қатысушылар   доп тебудегі шеберліктерін барынша көрсетуге  тырысты.

АҚЖҮРЕК ТАҢАТАРОВ   
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Бүгін өздеріңіз көргендей 3-4 мыңға жуық халық жиналды. Кейбір Қазақстан чемпиянаттарында да мұндай көп көрермен болмайтын шығар. Ал біз кәсіби ойыншы болмасақта осындай керемет қолдау көрсетіп жатыр. Бәріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Спортты қолдап болашақ үшін атсалысып жатқандарына.»

Спорт және өнер жұлдыздарынан құрам тапқан «Қонаев» және «Алатау»  сынды қос команда арасындағы ойын тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылардың жақсы дайындықпен келгені байқалды. Әрбір сәтті шабуыл сайын жанкүйерлер желпініп отырды. Игі шараның басты көзегені – қай команданың мықтылығын анықтау емес, көрерменге көктемнің шуағындай көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Әрі бұл достық кездесу «Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз» атты ұранмен өтті.


ҚУАТ БАЙҚОЖАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ  МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ   
«Бүкіл осы келген 2 мыңнан астам сайлаушылырымызға 15 наурыздағы референдумға бір кісідей атсалысуға шақыру мақсатында жиналып жатыр. Яғни бұл жерде тек достық жеңеді деп сенеміз. Сондықтан барлық сайлаушыларды 15 күнгі таңдауға шақырамыз. Өйткені біздің жарқын болашағымыз мемлекетіміздің өсіәп өркендеуі біздің дауысымызға байланысты.»

Жұлдыздардың жасыл алаңда бас қосып, 3 мыңға жуық көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлауына өңірлік жалпыұлттық коалициясы мұрындық болды. Ал ойын 2-1- есебімен спорт саңлақтарының пайдасына шешілді.

Сондай-ақ оқыңыз: