Балқаш ауданында жаңа тарихи-өлкетану музейі ашылды
Балқаш ауданында жаңа тарихи-өлкетану музейі ашылды. Жеке қаражат есебінен салынған музей заманауи талаптарға сай бой көтерді. Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тарихи мұраны келер ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол ел өміріндегі маңызды саяси үдерістерге де тоқталды.
Бақанас ауылының орталығынан бой көтерген нысан жергілікті меценат Айгерім Исабаева мен Дархан Кәкетайдың қолдауымен салынған. Музей заманауи цифрлық ақпараттық панельдермен, аудио және бейнетехникамен толық жабдықталған. Мұнда өңірдің тарихы, флорасы мен фаунасына және Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған арнайы залдар бар Мұражай қорында екі мыңға жуық жәдігер жинақталды.
АХМЕТ БАСШЫБАЙ
БАЛҚАШ АУДЫНЫНЫҢ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Музейіміз төрт экспозициялық залдан тұрады. Мына мазмұны жағынан қарасақ бірнеше бөлімдерден. Мынау қазіргі тұрған залымыз бұл Қонаев атамызға арналып ашылған зал. Бұл жере енді Қонаев атамыздың өзінің жеке ұстаған бұйымдары, мына тері сіңген киімдері дегендей. Сондай жәдігерлермен толықтыруда, әлде болсада енді осыны әрі қарай толықтырып зерттеп, зерделеп жеріміздің еліміздің тарихын мынау жұртшылыққа паш етеміз деген ниеттеміз»
Ауданнан шыққан зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары жаңа ғимаратқа шашу шашып, ақ тілектерін жаудырды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев музейдің ел болашағы мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Музей өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін тарихтан тағылым алуға үндейтін рухани орда. Ьолашақта бұл шаңырақ жас ұрпақтың танымын кеңейтетін, ғалымдар мен зерттеушілерге, туристтерге қызмет ететін маңызды мәдени орталыққа айналады деп сенемін»
Тарихи және мәдени мұраны сақтау міндеті Ата Заңның жобасында да арнайы бекітілген. Аймақ басшысы «Бірлік» агрофирмасы және Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі ұжымымен кездесіп референдумның маңызына тоқталды. Өзгерістердің рухани салаға да қатысты екенін айтып, тұрғындарды 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық науқанға белсенді қатысуға шақырды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Аталған реформының негізгі мақсаты мемлекет жерді тиімді пайдалану мен қорғауға кепілдік береді. Ал жекеменшікте заңға сәйкес сақталады. Бұл әр ауыл тұрғынының жер игеруіне шаруашвлығын жүргізуіне құқық беретін маңызды мүмкіндік. Бұл өзгерістер сіздердің құқықтарыңызды нығайтып, өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылшаруашылығымен қарапайым еңбекті қорғауға бағытталған маңызды қадамдар. Осы тұрғыдан берілетін әрбір дауыс елімізге демократиялық құндылықтар мен құқықтық тәртіптің нығаюына қосвлған үйлес болмкқ.
Екі ірі ұжымның өкілдері де ел болашағына бейжай қарамайтындарын жеткізіп, конституциялық реформалар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Тұрғындар жаңа заң жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мен жер мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.
БАҚЫТЖАН СӘБИТОВ
«БІРЛІК» ЖШС БАС АГРОНОМЫ
«Осы жерде қызмет етіп келе жатқаныма 15 жылдаә болды. Айналысамыз тек қана осы жермен күріш егеміз, 5000 гектардай жеріміз бар. Осы міне енді Қазақстанда ең үлкен өзгеріс болайын деп жатыр. Осы мана референдумға, сайлауға бір кісідей осы халқымыз болып адамымыз болып атсалысамыз. Ауылдастарымызды барлығы қолдайды деген ниеттемін»
Жаңа музей өлке шежіресін ұлықтаса, алдағы референдум мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындамақ. Сондықтан өңір жұртшылығы саяси науқанның маңызын терең түсінетіндігін аңғартты.