Талғар ауданында өткен «Мерген ару» облыстық турнирі мерген қыздардың басын қосты

Елімізде әскери-қолданбалы спорт түріне қызығушылық артып келеді. Талғар ауданында өткен «Мерген ару» облыстық турнирі мерген қыздардың басын қосты. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған жарысқа елуге жуық ару қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нысананы дәл көздеу үшін тек мергендік емес, тактика мен сенім қажет.

Мылтық ұстау тек ер азаматқа тән десеңіз қателесесіз. Бұл - батылдық пен рухтың ісі. Жарысқа облыстың тоғыз ауданынан келген командалар қатысты. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған турнирде өткен жылы Талғар ауданы жеңіс тұғырынан көрінген еді. Биыл да сол жетістікті қайталауға ниеттіміз дейді қатысушы Аружан Назарбек.

АРУЖАН НАЗАРБЕК 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Екі жыл бойы қатарынан осы мерген ару жарысына қатысып келе жатырмын. Алдыңғы жылы үшінші орын алдық. Және осы жарыс маған өте қызықты. Сонымен қатар біздің командада төрт адамнан. Алайда әрқайсымызда әртүрлі тактика. Және ағайдың поддержкасы біздің бойымызға кәдімгідей сенім береді.

Жарыс екі кезеңнен тұрады, бірі тұрып әрі қолды тіреп ату болса, ал бірі спортта кең қолданылатын пневматикадық қарумен ату. Жарыс ережесіне сай әр қатысушығы нысанаға он оқтан атады.

ДУМАН ҚАЙРАНБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ  ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
Бұрын қазақтың батыр қыздары бар. Әлия Молдағұлова, Мәншік Маметова деген сияқты. Осындай қыздар тәрбиелеу, намысты, отансүйгіштік жасөспірімдерді тәрбиелеу мақсатында көп пайдасы тиеді деп ойлаймын.

Нысана көздеу жарысында мергенге ең алдымен зейін қажет. Тартысты өткен жарыста бірінші орынды Еңбекшіқазақ ауданының арулары жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз: