Аналар мерекесі қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданында әдеби-музыкалық кеш өтті

Мейірім пен сұлулықтың, даналық пен даралықтың символы саналатын арулар мен аналар мерекесі қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданында әдеби-музыкалық кеш өтті.

Білім бөлімі ұйымдастырған іс-шарада оқушылар анасы мен ұстазына деген алғысын өнермен жеткізді. Көктемнің шуағындай көңілге жылу сыйлаған концертте әсем ән айтылып, сахналанған қойылым көрсетілді. Сахна төрінде аңызға айналған Томирис ханшайымнан бастап әр дәуірдегі әйел келбеті өзінше сомдалды. Ізгілік пен құрметке толы ерекше күнде түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар марапатталды.

БАҚЫТБЕК САҚАЛОВ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
Қазіргі уақытта мынау білім саласында жұмыс істеген, денсаулық саласында істеген, әр салада жұмыс істеген әйелдер қауымын, апаларымыз бен әпкелерімізді. Әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқан  үздіктер мен жақсы нәтижеге жеткен оқушыларымыз бар бәріне іс-шара ұйымдастырып жатырмыз.

Сондай-ақ оқыңыз: