Іле аудандық мәдениет үйінде де 8 наурыз халқаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті
Әйелсіз көктемнің гүлі, ақынның жыры жоқ! Іле аудандық мәдениет үйінде де 8 наурыз халқаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Қоғам дамуына үлкен үлес қосып жүрген нәзік жандылар аудан әкімінің құрметіне бөленді.
Бүгінгі әйел - асыл жар, аяулы ана ғана емес майталман маман, білікті көшбасшы. Сондықтан да нәзік жандылардың қоғамда алар орны ерек. Олар әрбір күні құрметке лайық болу керек деді салтанатты жинда сөз алған өңір басшысы..
ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Ауданымызда 241 970 халық болса, соның ішінде әйелдер саны 125 824 мың адам. Бүгінде ауданымызда денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген 1638 дәрігердің - 70%-ын, білім саласындағы 8328 қызметкердің - 77% аяулы аруларымыз құрайды. Сонымен қатар ауданымыздағы 184 мемлекеттік қызметшінің 105 әйелдерден тұрады. Бүгінде әр салада, түрлі қызметте табысты еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы - елдің тірегі, ұлттың ұйытқысы»
Көктем шуағындағы жүздесуде ауданның өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген нәзік жандылар құрмет төріне көтеріліп, марапатқа бөленді. Құшақтары гүлге толды. Олар отбасының берекесін кіргізіп, жетелі ұрпақ тәрбиелеп отырған көпбалалы аналармен әр салада белсене еңбек етіп тер төгіп жүрген әйелдер.
АЯУЛЫМ КЕРІМҚҰЛОВА
М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №13 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
«26 жыл болды осы салада қызмет жасап келе жатқаныма. Барша аналарымызды ару қыздарымызды осы мерекмен құттықтағым келеді. Ал білім сласындағы өзім сияқты ұстаздар алдағы уақытта болашақ ұрпақты жән-жақты тәрбиелеуге барынша тырысатын боламыз»
БАЯН ТОПАРОВА
ЗЕЙНЕТКЕР
«Отбасының брекесі, бірлігі, отбасындағы тыныштық бәрі көбінде әйелге байланысты. Сондықтан қазақ әйелдеріне күш қайрат тілемін. Қазақ әйелдері шынымен қайсар әр уақыт өз орнын біледі. Сондықтан аналарымыздың қыздарымыздың мерекесі құтты болсын!»
Салтанатты іс-шара өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамырына айналған яулы аналардың құрметіне қойылған көңілді коцерттік бағдарламамен түйінделді.