Алматы облысында тоғызқұмалақтан «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі мәресіне жетті
Кеген ауданында тоғызқұмалақтан «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі мәресіне жетті. Зияткерлік спортты серік еткен жас өрендер өзара мықтыны анықтап, шеберлік сынасты. (Видео) “Дәстүрлі жарысқа қатысушылар саны жыл сайын артып келеді, бұл ұлттық ойынға қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді” дейді ұйымдастырушылар. Әр партия – есеп пен ептіліктің, сабыр мен стратегияның сынағы болды. Жас спортшылар жеңіс үшін барын салды. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып,марапатталды. Үздік спортшылар марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.
РАҚЫМЖАН ТӨЛЕБАЙҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Облыс кезеңге әр ауданның өзінің намысын қорғап шыққан мықты командалардан 1 қала, 8 ауданнан 9 команда қатысты. Командада жалпы 120 бала қатысып, жарыс тартысты түрде өтті. Бұл ойынның мақсаты Республикаға Алматы облысының 7-8, 5-6, 9-11 сыныптар арасындағы командаларын жасақтау»