Байкентте мәдениет үйі ашылды
Іле ауданында әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінің Байкент ауылдық филиалының салтанатты ашылуы өтті.
Байкент ауылында бүгінде 20 мыңға жуық адам тұрады. Енді ауыл халқының мәдени өмірін жандандыратын жаңа өнер ордасы өз жұмысын бастады. Мәдениет ошағында 11 маман еңбек етіп, ауыл жастары мен тұрғындарының шығармашылық қабілетін дамытуға атсалыспақ. Мұнда әжелер ансамблінен бастап домбыра, дәстүрлі ән, би, вокал, сондай-ақ шахмат секілді түрлі үйірмелер ашылады. Алдағы уақытта өнер ордасында концерттер, мәдени кештер мен түрлі рухани-танымдық шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
ЖҰЛДЫЗ БҰЗАУҚЫЗЫ
БАЙКЕНТ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Бүгінгі күн Байкент ауылы тұрғындары үшін ерекше күн. Ел көптен күткен тарихи күн деп айтуға болады. Байкент ауылының мәдениет үйі болып ашылып жатыр. Енді осы ауылдың таланнты жастарын, өнерпаз балаларын үйірмелер ашып, халық үшін қызмет ететін рухани мәдени ортаға айналдырамыз. Біз осы жолда қызмет етеміз.»
АЙМАН БАЙЫМБЕТОВА
БАЙКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Бізде бұл күн өте тарихи күн болып емесптеледі. Өйткені қуанышымызда шек жоқ. Мәдениет үйі өзіміз үшін ашылып қуанып жатырмыз. Аулымыздың талантты жастарына есігіміз ашық. Енді бұл киелі өнер ордасы болады деп сенеміз.»