Алматы облысында жаңа спорт нысандары салынады

Алматы облысында жаңа спорт нысандары салынады. Бұл туралы облыстық спорт басқармасы  мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Кеген ауданы, Жалағаш ауылында 50 орындық спорт кешенінің құрылысы 60 пайызға аяқталған. {(Видео)} Ал Жамбыл мен Ұйғыр аудандарында  спорт кешені салынуда. Бұдан бөлек, облыста бірнеше ірі спорт нысанының жобалық-сметалық құжаттары дайын. Қонаев қаласында да көпфункционалды спорт кешенін салу жоспарланған. Қарасай ауданында спорт мектеп-интернаты, Көкөзек және Жібек жолы ауылдарында стадиондар бой көтермек. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би, Қазақстан және Тескенсу ауылдарында да жаңа спорт нысандарының құрылысы қарастырылған. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту  мақсатында цифрлық жүйе енгізу де қолға алынды. Енді тұрғындар спорт нысандары мен секциялар туралы қажетті ақпаратты QR жүйесі арқылы ала алады.

ЖАНСЕРІК ӘДИАХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«2026  жылдың жаңа бастамасы ретінде цифрландыру жылы аясында  кьюар система енгізіледі. Аталған жобамыз халық арасында спорттың, спорттық кешендердің орналасқан жері қолжетімділігі, балалардың немесе ата аналардың қандай спорт алаңдары бар, қандай секциялары бар, тегін нұсқада ма, қаржылай болса көлемі бойынша  толыққанды ақпарат енгізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз: