Шонжы қаласында «Алғысқа толы әлем» мерекелік іс-шарасы өтті

Ал, Шонжы қаласында өткен «Алғысқа толы әлем»  мерекелік іс-шарасында  түрлі ұлт өкілдері бір сахна төрінде бас қосып, достық пен бірліктің бекем екенін айшықтады. Бейбіт өмірдің қадірі ұлықталып, татулықтың тағылымы тереңнен тарқатылды. Тұрғындар бір-біріне ақжарма алғыс айтып, ізгі тілектерін жолдады.

Іс-шара сахна төріне шыққан ақсақалдың батасымен басталды. Өткеннің ауыр белестерін еске алған қария қазақ халқының кең пейілі мен бауырмалдығын тілге тиек етті. Кеш барысында аналардың ақ тілегі, жастардың жүрекжарды лебізі, өнерпаздардың патриоттық әндері мерекенің мазмұнын айшықтай түсті. Салтанатты жиында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарды марапаттады.

НҰРСҰЛТАН БОЛАТҰЛЫ
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Алғыс айту күні – еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Сонау қиын заманда қазақ халқы түрлі этнос өкілдеріне құшағын жайып, соңғы нанын бөліскенін тарихтан білеміз. Бүгінде 1 наурыз күні барлық ұлт өкілдері қазақ халқына деген алғысын білдіріп отыр

Мерекелік кеште этномәдени орталық өкілдері ел ішіндегі татулық пен келісімнің маңызын айтты.Концерттік бағдарламада халықтық ансамбльдер мен шығармашылық ұжымдар ән шырқап,  көрерменді өнерімен тәнті етті. 

ХАЛИДАМ  САЙДУЛЛАЕВА 
ҰЙҒЫР ЭТНО-МӘДЕНИ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ 
«Алғыс айту күні – еліміздің тарихындағы қиын кезеңдерді еске ала отырып, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтатын маңызды мереке.Бұл күн – өткенге тағзым етіп қана қоймай, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, болашаққа сеніммен қараудың символы. Біздің ең басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік».

Бірлік пен сыйластықты дәріптеген мерекелік шара тұрғындардың жүрегіне жылу сыйлады. Алғыс айту – тек ризашылық білдіру емес, ортақ тарихты құрметтеу, болашаққа сеніммен қадам басу.

Сондай-ақ оқыңыз: