Жамбыл ауданында дәстүрлі «Жамбыл күні» атты рухани іс-шара ұйымдастырылды
Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толып отыр. Айтулы мерейтойға орай Жамбыл ауданында дәстүрлі «Жамбыл күні» атты рухани іс-шара ұйымдастырылды. Ақын туған ауылындағы әдеби-мемориалды мұражайға барған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен зиялы қауым өкілдері жыр дүлдүлінің рухына тағзым етті. Күмбірлеген күй мен тереңнен толғаған жырлар кеш көркін ашып, ұлы ақынның өлмес мұрасы ұлықталды.
Алматының Майтөбе биігіне таяу жатқан жазықта ұлы жырау Жамбыл Жабаев өмірінің соңғы жылдарын өткізді. Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды. Ал 1946 жылдан бері әдеби-мемориалды музейі ашылды. Мұражайда оның жеке заттары, кеңес кезінде басылған тың туындылары, естелік сыйлықтар, ақынның қызметі мен шығармашылығынан сыр шертетін он екі бөлме бар. Ал гаражда жеке автомобилі тұр.
НҰРЛАН ОРАЗАЛИН
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
«Сүйекеңнің шәкірті болды. Сүйінбай атамыздың. Қазақ дейтін халықтың қадіріне бөленді, құрметіне кенелді. Бұл кісіні Гомер дейтін себебі, ана Гомер бүкіл Элладаның, бүкіл еретеректе болған грек дәуірінің арғы-бергі батырлары қалай жырласа Жәкең де өзінің туған мына қазақ елінің ел болып қалыптасуындағы он сан батырлардың бәріне бір-бір дастан арнап, солардың бәріне туабітті қарібін қабілетін арнаған кісі»
Бүгінде Музей толық жаңғыртылып, зиярат етіп келетін қасиетті мекенге айналған. Атаулы күн аясында көптеген іс-шара ұйымдастырылды. «Биыл сәуір айында тұлғалық музей фестивалін өткізу жоспарда бар» - дейді музей басшысы.
САЛТАНАТ ЖАМБЫЛОВА
МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫ
«Алдағы бізідң екі жоспарымыз – үлкен екі іс шарамыз келе жатыр. Алла бұйырса осы сәуірдің он бесінде республика бойынша Жамбыл атаның ииемденген мектептердің оқушылар арасында сайыс дейміз ба, сондай өькізейік деп отырмыз. Ол енді оған он мектеп қатысатын болды.
Жиында қоғам қайраткерлері мен қаламгерлер Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен жыр мұрасы туралы толымды ойларын ортаға салды. Олар ақын шығармаларындағы елдік рух, бірлік пен отаншылдық идеяларының бүгінгі қоғам үшін де маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ұлы ақын мұрасын ел көлемінде кеңінен насихаттау мақсатында түрлі әдеби кештер, ғылыми конференциялар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады деді.