Қонаев қаласында Алғыс айту күні ерекше салтанатпен аталып өтті

Қонаев қаласында Алғыс айту күні  ерекше салтанатпен аталып өтті. Мерекелік жиынға түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, белсенді жастар мен шаһар тұрғындары жиналды. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан көпұлтты елдің бірлігі мен сыйластығы  мерекенің басты өзегіне айналды.

Жыл сайын көктемнің алғашқы күнінде тойланатын Алғыс айту күні – көпұлтты Қазақстан үшін айрықша мереке. Бұл күн тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдеріне құшағын ашқан қазақ халқына ризашылық білдіруден бастау алып, бүгінде татулық пен келісімнің символына айналды. Жиналған қауым бірлікті ту етіп, аға буын өкілдеріне, ұстаздарға және өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға шынайы алғыс білдірді.

СЕРГЕЙ ГОРЯНОЙ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Бұл күн тарихты еске алып, бір-бірімізге ризашылық білдіретін ерекше мереке. Біз өткенді ұмытпай, жарқын болашақ үшін жұмыс жасауымыз керек. Алғыс айту мерекесі де көктеммен бірге келеді, адам жаны да осы күні жаңарады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында өңірде ауқымды жұмыс атқарылды. Облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев атап өткендей, Еңбекшіқазақ пен Ұйғыр аудандарында жаңа құрылымдар ашылып, этносаралық диалог жаңа деңгейге көтерілді. Жыл басынан бері 900-ден астам шара ұйымдастырылған. Бұл бірлікті бекемдеу жолындағы жүйелі қадам.

ЯСМИ МЧЕДЛИДЗЕ
«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ  ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Барша өзімнің отандастарыма өз алғысымды білдіргім келді. Жәнеде оған қоса ұстаздарыма ата анама және де достарыма алғысымды білдіру.

Мерекеде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлес қосып жүрген белсенді азаматтар мен қоғамдық ұйым өкілдері марапатталды. 

Сондай-ақ оқыңыз: