Белгілі сазгер Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл !

Алматыда белгілі сазгер  Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Қазақ музыкасына жаңа әуез беріп, тамаша ән жазған талантты өнер иесі туралы жақындары жылы естеліктерімен бөлісті. Іс-шарада композитордың шығармалары орындалып, шығу тарихы  айтылды.

Кеңес Дүйсекеевтің «Қарағым-ай» әнін алғаш рет Нұрлан Өнербаев орындағанда кейбір тыңдарман оны орны толмас өкініштен, жауапсыз махаббаттан туған шығарма деп ойлайды. Алайда бұл ән композитордың тағдырына емес, өмірден ерте кеткен әпкесіне арналған. Бұл мұңға толы сағыныштан туған тағдырлы туынды. 

ҚАРЛЫҒАШ ӘДІКӘРІМОВА 
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ 
«Оның әндері көптеген халықаралық концерттерде айтылады. Олар әрине бізге өте әйгілі «Домбыра», «Сәлем саған туған ел», «Қарағым ай», «Өкінбе сен», сондай әндерін көбінесе шетелдерде таңғалады. СКЛ. Онсыз да біз басқа Испания, қанша жерге мысалы барамыз, сол жердің бәрінде көбіне Кеңестің әндерін және Бейбір Оралдың әндерін айтады. Себебі бұл әндер шетелдіктерге өте басқаша естіледі.»

Кеңес Дүйсекеев халық әндерінің авторы емес, камералық оркестрге арналған күрделі шығармаларды – оперетталар мен  мюзиклдерді де жазған жан-жақты жан еді. “Кроссворд шешкенді жақсы көретін” - дейді жақындары.

АЙГҮЛ ДҮЙСЕКЕЕВА
КЕҢЕС ДҮЙСЕКЕЕВТІҢ КЕЛІНІ  
«Үйде өте жұмсақ, өте қарапайым, кеңпейілді. Ешбір қаталдығын көрсетпейтін. Келін деп айтапаған енді. Айгөлегім деп атап кеткен. Мен ол үйде еркелеп өстім десем де болады»

ДИМАШ ДҮЙСЕКЕЕВ 
КЕҢЕС ДҮЙСЕКЕЕВТІҢ НЕМЕРЕСІ
«Футболды жақсы көретінбіз. Есімде, жазғы демалыста барған кезімде біз бірге матч көріп, ойыншылардың тактикасын талқылайтынбыз. Футболдан бөлек кез келген тақырыпқа сөйлесіп, сырымды айтушы едім. Атам әрдайым маған қолдау көрсететін.»

Кеңес Дүйсекеев батыл қадам жасап, терме мен блю-джазды ұштастырды. Оның әндерін Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Нұрлан Өнербаев сынды белгілі әншілер орындап, қазақ музыкасына жаңа леп берді. Қазір жас орындаушылар, оның ішінде Димаш Құдайберген әлі күнге дейін дарынды жанның туындыларын асқан шеберлікпен шырқап жүр.

Сондай-ақ оқыңыз: