Еңбекшіқазақ ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі мәресіне жетті
Еңбекшіқазақ ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. Турнирге еліміздің сегіз аймағынан үміт арқалаған жас балуандар жиналды. Кілемде қайсарлық пен намыс сынға түсіп, әр ұпай жеңіс нәтижесін шешті. Жас спортшылардың тартысты бәсекесін тілшіміз тамашалады.
Дзюдошылар он сегіз салмақ дәрежесінде күш сынасты. Жыл сайын сайысқа қатысушы саны артып келеді. Биыл жарысқа күш сынасуға келгендер арасында қыздар көп.
ДИОРА БӨРІБЕКОВА
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Бала кезден қызығушылық болды және қасымдағы достарым да спортқа қатысқаннан кейін менде де қызығушылық пайда болды. СКЛ. Әкем келді. Қолдады. Дайындады. Мотивация берді. Поддержка берді. Маған сенді. Дзюдоға келуіме әкемнің ықпалы бар.
Атырау облысынан келген Ердоc былтырғы жарыста жақсы нәтиже көрсетті. Биыл да үлкен үмітпен шығып, жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат тұтып отыр. «Мықтыларға қарап бой түзеймін», – дейді жас палуан.
ЕРДОС ҰЛЫҚПАН
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Диорбек Оразбаев. Өзбек палуаны. Күресі жақсы оның. Олимпиаданың қола жүлдегері. Көптеген жарыстарда чемпион болып жүр. СКЛ. Приемдары просковый ғой. Сол жағынан ұнайды. СКЛ. Арманым-әлем, олимпиада чемпионы болу бұйырса
МАҒЖАН СЕРІК
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Бұл жарыс енді жас балаларға спортты насихаттау, жас буындарды дзюдо үйірмесін дамытып, оларды жоғары деңгейде көтеру мақсатымыз. СКЛ. Жыл сайын Қазақстан біріншілігінде ерексеетер болсын, жасөспірімдер болсын үштікктің, бестіктің командалық есепте. Сол үштік, бестік арасында жүреміз ғой. Жалпы Алматы облысы дзюдодан жақсы. Қарқынды дамып келе жатыр.
Алаңға Алматы облысы атынан жүз жиырма дзюдошы шықты. Нәтижесінде қоржын сегіз алтын, сегіз күміс және он төрт қола медальмен толығып, Алматы облысы жалпыкомандалық есепте көш бастады. Бұл жаттықтырушылардың қажырлы еңбегі мен спортшылардың жүйелі дайындығының жемісі.