Есік тарихи-өлкетану музейі құнды жәдігерлермен толықты

Есік тарихи-өлкетану музейі құнды жәдігерлермен толықты.«Музейге сый»  тағылымды акциясы аясында облыстық музейлер бірлестігі Қарадала өңірінен табылған бірнеше тарихи құнды жәдігерді аманат етті. Табылған жәдігерлердің ішінде сақ дәуірінен сыр шертетін аң стилінде жасалған алтын бұйымдар мен қыш құмыралар бар.

Алматы облыстық тәрихи мәдени мұраны  қорғау орталығы 2022 жылдан бастап тарихи мәдени ескерткіштерді жинақтау жұмыстарын қолға алды. Бұзылу және тоналу қаупі төнген обаларда архелогиялық қазба жұмыстары жүрді.  Өткен жылы жазда архелогтар Ұйғыр ауданындағы  Тоғызбұлақ қорымдарын қазу кезінде  олжалы болды.

Археолог ғалымдар аң стилінде жасалған бұл алтын әшекейлер Алматы облысындағы екінші алтын адамға тиеселі болуы мүмкін дейді. Тіпті мына бір алтын жүзік айрықша мәнге ие. Зергерлік бұйым Есік қорымындағы Алтын адамынан табылған сақинаға өте ұқсас.  Өзгешелігі - жүзіне Арыстан мүсіні бедерленген. Әрбір бұйым – көне заманның үнсіз шежіресі, бабалар өркениетінің биік талғамы мен шеберлігінің айғағы. Мамандардың айтуынша, табылған олжалар өлке тарихының тың беттерін ашып, ғылыми тұрғыда зерттеуге мол мүмкіндік береді. 


Облыстық тарихи мәдени мұраны қорғау орталығы  көне жәдігерлерді  сақтап, болашаққа жеткізу мақсатында  табылған бұйымдарды «Есік өлкетану» музейі қорына табыс етті. Бұл жолы архелогтар әшекей бұйымдарға қоса сол дәуірге тән тағы үш дана қыш құмыраны өткізді.


ХАМИТ АЙТҚҰЛ  
АРХЕОЛОГ
«Қазіргі таңда жиналған қыш ыдыстың үш данасы әкелінді. Тағы алтын сақина бар. Сонымен солардың жиналу ретін обалардың орналасу конструкциясын қарай отырып, біз оны біздің заманымызға дейінге 4-3 ғасырлармен мерзімдедік. Енді бізде Есік алтын адамына қатысты мәліметтер өте көп. Соны толықтырсын, өлке тану музейінің де ауқымы кеңейсін деген мағынада келіп өткізіліп отыр.»


Тарихи жәдігерлер сақ дәуіріне тиеселі болуы мүмкін. Алайда бұл тек отандық ғалымдардың алғашқы болжамы ғана. Ал бұл пайымды нақтылау мақсатында жәдігер үлгісі Литва еліндегі  зертханаға  жөнелтілген.  Енді шетелдік ғалымдар тарихи бұйымның дәл қай дәуірге тиеселі екенін анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыз: