Райымбек ауданында мәдениет қызметкерлері арасында денсаулық фестивалі өтті
Райымбек ауданында мәдениет қызметкерлері арасында «Сергек тән-сергек рух» атты денсаулық фестивалі өтті. Қызықты эстафеталық жарысқа ауылдық мәдениет үйлерінен 10 команда қатысты. Сайысқа қатысушылар өзара бақ сынап, нағыз ұйымшылдық танытты.
Райымбек ауданында өткен «Сергек тән, Сергек рух» қысқы спорт фестивалі таңғы сергек көңіл күймен басталды.Шараның ашылу салтанатында қатысушылар сап түзеп, командалар таныстырылды.Биылғы фестивальге аудан бойынша 10 команда қатысып, түрлі қысқы спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады.Атап айтқанда, шаңғы тебу, арқан тарту, эстафеталық жарыстар мен ұлттық ойын элементтері қамтылды.Әр команда жеңіске деген жігерін көрсетіп, спорттық рухты жоғары деңгейде танытты.Фестивальдің басты мақсаты – мәдениет қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әріптестік байланысты нығайту.
МЕДЕТ СЕРІКҰЛЫ
АУДАНДЫҚ Б. МҰҚАЙ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Үнемі мәдениет саласының өнерде жүрген әріптестерімізді білесіздер, шығармашылықтың аамдары, ойдың адамдары, ойдың үстінде жреді. Сол бір ойға сергектік берейік, серпіліс берейік деген ниетте ұйымдастырылған шара. Міне, керемет жоғарғы деңгейде өтіп жатыр»
Жарыс барысында командалар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылардың белсенділігі мен жанкүйерлердің қолдауы фестивальдің шырайын аша түсті.
ГҮЛБАНУ МҰҚАТАЙҚЫЗЫ
ТЕКЕС АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мәдениет саласы қызметкерлерінің қысқы спортакиадасы "Сергек тән.Сергек рух" деген тақырыппен керемет бас қосып. жақсы бір демалыс ұйымдастырылып жатыр.Барлықтарыңызға жақсы жеңіс ғана тілеймін. Тек алға Мәдениет қызметкерлері!
Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды.Бірінші орынды Жамбыл ауылы мәдениет үйінің командасы иеленді.Екінші орын Сүмбе ауылы мәдениет үйіне бұйырды.Ал үшінші орынды Нарынқол ауылы мәдениет үйі еншіледі. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды». «Бүгін мәдениет қызметкерлері сахна сыртында емес, спорт алаңында кездесті. "Сергек тән. Сергек рух" деп аталатын бұл қысқы ойындар фестивальі әріптестер арасындағы бірлікті нығайтуды және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етеді.