Мұқағали Мақатаев мерейтойы аталып өтті

Мұқағали мұрасы - таусылмайтын қазына. Ақынның өлеңдері жылдар өтсе де ескірмейді. Керісінше жаңа есімдер мен жаңа орындаушылар арқылы қайта түлеп отырады.

Қаламгердің 95 жылдық мерейтойына орай  Алмалыбақ ауылындағы гимназия мектебінде ән мен өлең өрілген әдеби-сазды іс-шара өтті. Рухани кеште ақын жырларына жазылған сырлы әндер шырқалып, көрермен поэзия мен әуеннің тылсым үндестігін терең сезінді. Сахна төрінде «Есіңе мені алғайсың», «Мен деп ойла». «Барып қайт балам ауылға»  сынды көпшілік жүрегінен орын алған туындылар әуеледі. Кеш барысында сөз алғандар Мұқағали жырларының  жаңа үн, жаңа тыныспен қайта жаңғырып келе жатқанын атап өтті. 

ЭЛЬВИРА РАЗАҚБАЕВА
АЛМАЛЫБАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мұндай рухани кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас буынның әдебиетке ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді.

МҰРАТ ШЫНЫБЕКОВ
МҰҒАЛІМ
Әдебиет пен музыка ұштасады ғой. Сол себепті де мен музыка саабығы ұстінде тек балалрға музыка ғана тыңдатпай, осы қазақтың белгілі, беделді ақын-жыраулардың әр шығармаларын таныстырып отырамын. Соны ішінде ерекше бөлек орын алатын.

Сондай-ақ оқыңыз: