Талғар ауданында «Жұлдызды спортшылар шеруі» атты форум өтті

Талғар ауданында «Жұлдызды спортшылар шеруі» атты форум өтті. Жиын мектептің белсенді жас спортшыларын бір алаңға тоғыстырды. Басқосуға - спорт саласының белгілі өкілдері қатысып, жеңіс  жолы мен қиындыққа мойымаған қайсар сәттері туралы,  әсерлі әңгіме өрбітті.

Жиынға Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынап жүрген жерлестеріміз Әсет Дүйсенов пен Айша Рақышеваның ата-аналары қатысты. Олар ұл-қыздарының спортта табысқа жету тәжірибесі мен мақсатшыл тұлғаның мінезін қалыптастырудағы ой-пікірлерін ортаға салды. 

ҚАЙНИКАМАЛ ДҮЙСЕНОВА 
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Тұғырдан секіруден Рақпаров Шыңғыс олимпиада ойындарында жақсы ойын көрсетті. СКЛ. Биатлоннан үш спортщыларымыз бар. Ол – Әсет Бейсенов, халықаралық дәрежедегі спортшымыз. Айша Ракишева мен Милан Евгенев. Олар жас спортшыларымыз. Бірінші рет олимпиадаға қатысып тұр. Жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.


Іс-шара ата-аналардың бастамасымен жүзеге асты. Форумға 50 отбасы атсалысып, оқушылардың жетістіктері мен чемпиондардың суреттері жинақталған арнайы стенд қойылды. Білім ордасы мұндай тағылымды кездесулерді  жалғастырады.

ГҮЛМИРА ЖАҚЫБАЕВА 
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Мектебіміздегі жалпы оқушы саны мың сегі жүз боса ,оның ішінде жүзден астам спорттық жетістіктері бар оқушыларымз бар жүзден астам. Ол оқушыларымыздың қызығушылығын спортқа деген қызығушылығын одан ары арттырып, қолдау білдіру мақсатында, сонымен қатар басқа да балалардың спортқы қызғушылығын арттыру мақсатында осындай бір іс-шараны алғаш рет ұйымдастырып отырмыз.»

МАҚСАТ ЖАРҚЫНБЕК
ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
Қазір бізде буллинг деген мәселе қатты болып жатыр. Сол буллинг болмуау үшін бәрі бір бірінің спортсмен екенін біліп, қадірлеп, сыйлап. Қазіргі балаларды интернет тәрбиелеп жатыр. Оған қарағанда спорт саласын көбірек насихаттап, осылардың болашағына үлесімізді қосу – ата-ана парызы.

Талғар ауданы қысқы спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Оның  дәлелі -Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада ел намысын қорғап жүрген жас спортшылардың дәл осы өңірден шығуы. Бұл - аудан спортына жасалып жатқан қолдаудың, бапкерлердің тынымсыз еңбегі мен  спортшыл табандығының жемісі.

Сондай-ақ оқыңыз: