Талғар ауданында Дәулет Мұқаметжанұлын еске алуға арналған тағылымды дөңгелек үстел өтті
Талғар ауданындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Мұқаметжан Тынышбаевтың ұлы, мұнай саласының білікті профессоры, көрнекті ғалым Дәулет Мұқаметжанұлын еске алуға арналған тағылымды дөңгелек үстел өтті. Басқосуда туған-туыстары мен зиялы қауым өкілдері оның ғылымға сіңірген өлшеусіз еңбегі мен өнегелі ғұмырын тебірене еске алды.
Жиында сөз алғандар көрнекті алаш қайратакері, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұқаметжан Тынышбаевтың ұлы әрі ғылым жолындағы ізбасары Дәулет Мұқаметжанұлының қилы өмір жолы туралы сөз етті. Ол жастайынан халық жауының баласы атанып, анасымен бірге Уфаға жер аударылған. Кейін қуғын сүргін аяқталып, әкесі ақталған соң мәскеудегі жоғары оқу орындарында білім алады. Сөйтіп тынымсыз ізденісінің нәтижесінде мұнай саласындағы айтулы ғалымдардың біріне айналған.
МЕЙІРЖАН МҰСАБАЕВ
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Алғашында халық жауының баласы деген атпен жөні дұрыс оқуға да түсе алмай жүрді. Кейін өзінің талпынысының арқасында әкесін ақтауда көп еңбектер атқарып, мұнай саласында білім алды. Жәнеде осы қазақстандағы кен орындарын зерттеу, мұнайды зерттеу бойынша ғылми еңбектер жазды. Бұл кісінің еңбектерін тіпті АҚШ ғалымдары да қолданды. Қазақстандағы мұнай өндірісінің жүргізілуі сол кісінің еңбектерімен жасалды.
2001 жылы Дәулет Мұхамеджанұлының бастамасымен Қазақ Британ техникалық университетінде «Қойнау және қойнаудағы газ іспетті сұйық магма құрамдарының коллекторлық қасиеттерін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу» бөлімі ашылады. 6 тәжірибелік зертханасы бар бұл бөлім 2018 жылға дейін 18 жыл бойы зерттеу жұмысиарын жалғастырып салада көптеген жаңалықтар ашықан.
НҰРШӘКЕН ЖҮНІСОВА
М.ТЫНЫШБАЕВТЫҢ ЖИЕН НЕМЕРЕСІ
Мұхаметжан Тынышбаевтың мұрагері Дәулет Мұқаметжанұлы соңғы 20 жылдай осы қазақ еліне өз еңбегін арнады. Әкесі сияқты алғыр білімді, егеменді қазақстанды қалай көтереміз деп барын салды. Оның қандай білімді адам екенін халық көрді
Дәулет Мұқаметжанұлы саналы ғұмырында мұнай саласы және жер қойнауларын зерттеу бойынша 150-ден аса ғылыми еңбек жазып қалдырды. Ол өткен жылы 94 жасқа қараған шағында АҚШ тың Чикаго қаласында өмірден өтті.