Талғар ауданында шаңғы жарысынан облыс біріншілігі өтті
Талғар ауданында шаңғы жарысынан облыс біріншілігі өтті. Сайыс жолына шыққан 11 команда тартысты бәсекеге түсіп, жанкүйерлерге нағыз спорт мерекесін сыйлады. Жарысқа өңірге танымал спортшылар да қатысып, өз тәжірибесі мен жоғары дайындығын көрсетті.
Қар сықыры тыныштығын тек шаңғының үні бұзады. Мына алаң - нағыз мінез майданы. Ақ ұлпа үстіндегі бәсекеге әр ауданнан 150 ге жуық спортшы сақадай-сай келді.
Шаңғы тепе-теңдік пен тыныс ырғағын үйлестіруді талап ететін күрделі қысқы спорт түрі. Алатау етегінде өтетін сайыс дәстүрге айналған. Өңір спортшылары асыға күтетін додаға қариялар да қатысты. Райымбек ауданынан келген Жанболат Жанғазиевтың шаңғы тепкеніне жиырма жыл болған.
ЖАНБОЛАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Шаңғы тепкен соңғы он бес жылдың ішінде Алматы облысынң өз жасымда бірінші орынды ешкімге берген жоқпын. Дайындығым жоғары деңгейде. Бүгін де бірінші орынға бар күшімді саламын. СКЛ. Спорт денсаулық кепілі. Спортпен айналысыңыздар. Жұмысқа да, денсаулыққа да өте тамаша. Барлық спортшыларға бүгін қатысқан сәттілік тілеймін.
Жарыс екі кезеңнен тұрады. Ол жекелей және командалық эстафеталар.. Әйелдер 1,5 км қашықтықта жарысса, ерлер 3 км қашықтықта шеберлігін көрсетеді.
ЫҚЫЛАС ҚАДЫРҚОЖАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл жарыс өңірімізде рейтингтік турнир болып есептеледі. СКЛ. Бұл жақта ерекшеліктері алты жас анаты бойынша ер, әйел болып жеке-жеке, жарысатын болады. Жас ерекшеліктеріне байланысты. Ал эстафеталық жарыста әр командадан төрт әйел жне төрт ер адаммен сегіз адам эстафеталық жарыста өзара бақ сынайды.
Ал жалпыкомандалық есепте үшінші тұғырға Еңбекшіқазақ ауданы көтерлді. Екінші орынды Райымбек, бірінші орынды Талғар ауданының шаңғышылары жеңіп алды. Финалдық кезеңнен кейін жүлдегерлерге жас санаттары бойынша түрлі марапаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталады. Жалпы, қысқы спортқа қызығушылар саны жылдан-жылға артып, тау бөктеріндегі шаңғы трассасы мен мұз айдынына адамдар үздіксіз ағылып келеді. Бұл Алматы облысында бұқаралық спорт түрінің қарқынды дамуының белгісі.