Ұлттық кітапханада дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісованың қос кітабының тұсаукесері өтті
Ұлттық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісованың қос кітабының тұсаукесері өтті. Жаңа еңбектердің бірі «Ғарифолла Құрманғалиевтің әншілік мектебі» деген атпен жарық көрді.
Туындыда дәстүрлі ән өнерінің тарихы, мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан композитор, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығы мен шәкірттері туралы кеңінен баяндалады. Кітапта өнер иесінің ұстаздық жолына ерекше мән берілген. Ал екінші еңбек «Қазақ ән-жыр дәстүрінің тарихы және орындаушылық өнері» деп аталады. Өнер жолында кәсіби білім алып жүрген жастар үшін бұл пайдалы әдістемелік құрал болады дейді мәдениет қайраткерлері.
ЕРКІН ШҮКІМАН
ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ
Білім алушыларға әннің тарихы сол өнердің тарихы, сол өнердің иесі өнерпаздың тарихы, олардың өнер жолы, өнерде жасаған қызметтері жөніндегі мақалаларды сол кітаптың ішінен табуға болат. Екінші кітаптың да құндылығы өте үлкен.
СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
«Ғарекең әнші ғана емес, ол кісі композитор. 100 дің үстінде ол кісінің әндері бар. Орындалмай жатқан әндері өте көп. Біз соларды домбыраға лайықтап нотаға түсірдік бірқатарын. Ал екінші кітапты 2008 жылы «Дәстүрлі ән өнері» деген атаумен жарыққа шығарған болатынмын. Әріптесіміз Бағылан Бәбіжан апай мына кітап керемет кітап ғой. Бірақ кезінде аз тиражбен шығып қолдарға жетпей қалды ғой деген соң қайта толықтырып басып шығардық»