«Әр өлеңі - бір әлем» әдеби кеші өтті !
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Қарасай ауданы, Көкөзек ауылындағы жайлы мектепте «Әр өлеңі - бір әлем!» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Тағылымы мол кездесуге Жұлдыз Мұқағалиұлы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жүрек жылытар естеліктерімен бөлісті.
Мұқағали мұрасы - мәңгі. Туған елі мен жерін жырлаған ақынның жырларын оқушылар жатқа жатқа оқыды. Оның тағдырлы ғұмыры мен шығармашылық жолы туралы мазмұнды мәліметтер ұсынды.
ЖАННА ШАЙХИЕВА
КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
М. Мақатаев қазақ поэзиясының шыңы. Ұлт жүрегінің үні деп есептейміз. Бүгінгі біщдің өтаізіп жатқан конференцияның мақсаты ол ақын жырларын жас ұрпаққа адамгергілік, шыншылдық сияқты қасиеттерін насихаттау.
Жиынның ерекше сәті, ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлымен кездесу болды. Арнайы шақырылған қонақ оқушылармен еркін форматта сұхбаттасып, әкесінің өмірдегі болмысы, шығармашылық ізденісі, поэзияға деген адалдығы жайында естеліктерімен бөлісті. Жүздесу жас буын үшін үлкен рухани әсер қалдырды.
ЖҰЛДЫЗ МАҚАТАЕВ
М.МАҚАТАЕВТЫҢ ҰЛЫ
Ол кісі өзі айтып кеткен ғой 21 ғасырдың құрдасымын ал қалған ғасырлардың сырласымын деп. Халықтың пейілін көріп келе жатырмыз. Жақсы өтіп жатыр, мынау балалардың өзі дайындықтары ерекше. Аяқ алыстары мынау ықыластары мына біздің әкеміздің поэзиясына деген өте жақсы, разы болып отырмын соған.
Мұқағали поэзиясының лирикалық тереңдігі, сөз өрнегінің жеңілдігі мен байлығы жас буынды әрдайым өзіне тартып келеді. Жастар ақын жырларымен сусындап, оның өлеңдерінен рухани нәр алуда. Бүгінгі жиында да оқушылар арнайы концерт ұйымдастырды. Кеш қонақтары жас өнерпаздардың шынайы ықыласына тәнті болып, ыстық лебіздерін білдірді.
НҰРАСЫЛ ОТАРБЕК
ОҚУШЫ
Мен сол көріністе М. Мақатаевтің өзін ойнаймын. Бұл мен үшін әрине үлкен мәртебе. Жәнеде мен бүгін М. Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлын көрдім, бұл мен үшін үлкен бір қуаныш болды әрине.
«Әр өлеңі - бір әлем!» әдеби кеші ақын мұрасын ұлықтауға арналған тағылымды шара болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рухани басқосулардың мақсаты, өскелең ұрпақты қазақ әдебиетінің асыл қазынасымен таныстырып, оны ұрпақтан ұрпаққа аманат ету.