Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кеш өтті

Қонаев қаласында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, сыршыл ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ақын жырлары сахна төрінде жаңғырып, әр шумағы көрерменнің жан дүниесіне жол тартты. Көрмеде ақын туралы құнды деректер, кітаптары мен естелік суреттері көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл- қазақтың асқақ рухын жырмен өрген, еркін даланың айбынды ақыны -Мұқағали Мақатаев. Бар болғаны 45 жыл өмір сүрсе де,  ол халқына өлшеусіз мұра қалдырды. Ұлтының мұңын да, қуанышын да жүрек сүзгісінен өткізіп, қарапайым тілмен жеткізе білді. Сондықтан да оның жырлары әр қазақтың жүрегіне жақын.

ҚАДЫРЖАН САБЫРАҚЫН
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Алдағы уақытта бұл концертпен шектелмейміз, спектакль қойылып жатыр. Осы жыл Мұқағали жылы десек,биылғы жылдың ақпан айынан кейінгі, наурыз айларында сахналанады. Спектакльге қойып отырған өзіміздің жоспарымыз үлкен. Басқа облыстарға алып шықсақ, Абай облысына барсақ деген жоспарымыз бар»

Кеш барысында ақын сөзіне жазылған «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Қазағым-ай», «Есіңе мені алғайсың» әндері шырқалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Театрланған көріністер қойылып, жастар ақын өлеңдерін тебірене оқыды. 

АЛТЫНШАШ ЖАҚИЯНОВА
АҚЫН, ЖАЗУШЫ
Сондай тамаша әсерде қайтып бара жатырмыз.  Өйткені Мұқағалиді сыйламайтын адам жоқ қой
Жастайында биік биік тал болып,
Жетім көлді таба алмайтын дал болып, 
Мұқағали тірі болсаң жүрер ме ең?
Өлең жігін арқалаған нар болып – деп міне өлең жүгін арқалап, нар  тұлғалы ағамыздың рухы биіктей берсін, шарықтай берсін. 

Сондай-ақ, кеш аясында М.Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейінен арнайы көшпелі көрме ұйымдастырылып,  ақынның жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды. 

ЖАДЫРА ҚУАНЫШБЕК
ТІЛШІ
«Бұл Мұқағали Мақатаевтың музейде сақталған жеке заттары. Ақынның өзі қолданған жазу машинкасы, 45 жасында киген шапаны мен өмірінің соңғы сәтінде тоқтап қалған сағаты осы жылжымалы көрмеде көрсетілді. Бұл бұйымдар арқылы келушілер ақынның шығармашылық жолын ғана емес, оның өмірін де жақынырақ тани алады»

ЕРЛІК АХМЕТОВ 
М.МАҚАТАЕВТЫҢ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
өзінің қолжазбалары, жыр-жинақтары осы бүгінгі көрмеде көпшілік назарына ұсынылып отыр. СКЛ арнайы өзінің орамасына  оралып, жер-жерге ақырындап апарып жатырмыз. Әрине енді, әр экспонат құнды, оның бүлінбеуіне, сынбауына өзіміздің музей қызметкерлері тікелей жауапты, өз жауапкершілігімізге алып отырмыз»

 Бұл кеш - Мұқағали жырына деген халық құрметінің айқын көрінісі. Ақын мұрасы уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа буынмен бірге жасап келеді. Қонаевтағы әдеби-сазды кеш - соның бір дәлелі. 

Сондай-ақ оқыңыз: