Қонаев қорымен даму жолы

«Конаев медиа» телеарнасы Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қормен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл тек ресми сәт қана емес, игі қарым-қатынас пен ортақ жобалардың бастауы. Қордың жетекшісі Елдар Қонаев телеарна басшылығына ұлы қайраткердің өмірі мен еңбегі жазылған басылымды табыстады. 

Бұл серіктестік тек ұжым үшін ғана емес, халыққа сапалы әрі нақты ақпарат ұсынатын маңызды қадам. Елдар Қонаев арнаның ашылуымен құттықтап, ақжарма тілегін айтты. 

ЕЛДАР ҚОНАЕВ
Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРДЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қалаға Димаш Ахметұлының аты берілуі тарихи сәт болды. Біз де өз үлесімізді қосып, тың дүниелер айтуға ниеттіміз. Қонаев қоры 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдары  тың материал жинадық. Димаш Ахметовұлы музейінің өкілі ретінде бірге еңбек етіп, тіпті кітап шығарсақ та нұр үстіне нұр болады. Осы арқылы оның өмірі мен қызметін келер ұрпаққа жеткіземіз.


Ер есімі ел есінде - демекші Дінмұхаммед Қонаевтың тұлғалық бейнесі әсіресе кейінгі ұрпаққа маңызды.  Биыл сол дәуірдің маңызды кезеңдерін түсінуге мүмкіндік беретін  екі естеліктер кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, “Сталиннен Горбачевке дейін» атты деректі фильмде Қонаевтың саяси өмірі көрсетіледі. 


ЕЛДАР ҚОНАЕВ
Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРДЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қонаев медиа телеарнасымен серіктестік жасағанымызға қуаныштымын. Димаш Ахметұлына арналған бірлескен жоба жасасақ та болады. Алда сапалы жұмыс атқарамыз деп сенемін. 

Қор қайраткердің жеке ЗИЛ-114 автокөлігін қалпына келтірді. Сол заманда бұл көлік тек саями бюро мүшелерінің жүруіне арналған жалғыз кеңестік автокөлік еді. Көктемде  Конаев қаласына бірленскен сапар ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: