Белгілі актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден озды
Қазақ сахнасының саңлағы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Балтабай Сейітмамытұлы 76 жасына қараған шағында өмірден өтті. Саналы ғұмырын қазақ өнеріне сарп еткен айтулы тұлғаның жарқын бейнесі мәңгілікке ұмытылмақ емес.
Балтабек Сейтімбетов 1950 жылы 11 сәуірде Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында өмір есігін ашты. Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театр жанындағы театр студиясынан және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында жоғары білім алған. Ол облыстық театрларда тәжірибесін шыңдап, Әуезов театрында жемісті еңбек етті. 1984 жылдан зейнет жасына дейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театрында әр түрлі обыраздарды нақышына келтіре сомдады. Сөйтіп халықаралық театр фиститвальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, "Алтын қанатты адам" сыйлығының иегері атанды.
БАҚЫТ БЕДЕЛХАН
АҚЫН
- Балтабай ағамыз кино және театр өнерінің саңлағы. Екеуінде де із қалдыра алған ірі тұлға ғой. Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында ұзақ жыл жұмыс істеді. Әріптес болдық. Мен әдебиет бөлімін басқардым. Ол кісінің батыр болмысымен мінезі,жандүиесі бәрі қабысып жатқан таудай азамат еді. Әріптестерімізге театр және кино өнеріндегі актерлерге бәріне қайғыра көңіл айтамыз
Сирек кездесетін талант иесі Балтабай Сейітмамытұлы - классикалық және заманауи драматургияны терең философиямен нық қабыстырған санаулы актерлердің бірі. Ол өз өнерімен ұлттық мәдениеттің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан талассыз дарын иесі. Марқұмның 50 ге тарта киноға түсіп, театр сахынасында 60 тан аса қойлым сахыналағаны бұл сөзіміздің айғағы.
БАЛТАБАЙ СЕЙІТМАМЫТҰЛЫ
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЕР
- Мен бала күнімде кім боласың деген кезде әртіс боламын дедім. Сол бала кезіңде айтқан нәрсе орындалады екен...
Мәдениет және ақпарат минстірінің көңіл айту жедел хатында «Балтабай Сейітмамытұлының ғибратты ғұмыры мен өнер жолы сондай ақ жарқын бейнесі халқымыз жадында мәңгі сақталады» делінген. Марқұм туған топырағы Қастек ауылына жерленеді. Оның батыр тұлғалы сом бейнесі ел жадында мәңгі қалары хақ.