Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев «ҚонаевМедиа» арнасының ұжымымен танысты
«Қонаев медиа» телеарнасы еліміздегі ақпарат ағымының алып ағынына ілескелі жарты жыл. Көш жүре түзелер деген. Тәй басқан жаңа ұжымның бүгінде аяқ алысы ширап, адымы ашылды. Жаңалықтарды жедел таратып, бағдарламаларды салмақты арнаға бұра бастады. Осы тұста Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматыда орналасқан арна кеңсесіне келіп, шығармашылық топтың техникалық мүмкіндігін көріп, тілшілердің тынымсыз тірлігімен танысты.
Арнамызға арнайы ат басын бұрып келген аймақ басшысын, шығармашылық ұжым ыстық ықылспен қарсы алды. Құзырлы басшыны телеарнаның тынымсыз тірлігімен таныстырды. Орайлы сәтте сөз алған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қысқа уақыт ішінде атқарған жаңа арна жұмысын жоғары бағалады. Әрі ақпарат айдынындағы сапарына сәттілік тіледі.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жаңа құрылғанына қарамастан «Қонаев медиа» арнасы автоматтандырылған хабар тарату және мұрағаттау жүйесі бар заманауи құралдармен жабдықталды. Медия кешенде «Cinegy» жүйе жұмыс сітейді. Аппараттық-студиялық кешен кез келген тақырыптық бағытты қамтуға әзір. Нақты айтқанда телевизиялық контенттер, саяси, әлеуметтік, мәдени мазмұндағы бағдарламалар мен тікелей эфирдегі әртүрлі хабарларды жасауға толық мүмкіндік алған. Нәтижесінде осыған дейін біздің арна эфирінен өткен бір қанша әлеуметтік мәселенің түйіні шешіліп, ел мен атқарушы билік арасына алтын көпір бола алғанын дәлелдеді.
ҚЫМБАТ ДОСЖАН
«QONAEV MEDIA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ
«Қонаев медия арнасы 25 жылдың 25 қыркүйек күні көрерменге жол тартты. Әрине біз әлеуетіміз метрлік арна болғандықтан біздің әлеуетіміз бүкіл республикаға атрауға жетеді. Біз әзірге алматы облысы аумағына тарап отырмыз. Бірақ барлық платформаларда болғандықтан бізді іздеген адам бірден тауып ала алады»
Арнаның ақ мылтық жауынгерлері - ол жаңалық тішлішері. Қазақ және Орыс бөлімдерінде 20 ға жуық майталман маман бар. Мұндағы шығармашылық топтың жедел қимылдап, түсіру, өңдеу, монтаждау, эфирге беру және мұрағаттауға дейінгі жұмыстары толықтай жүйеленген. Сонымен қатар демалыс күндері шығатын - «Апта маңызды» сараптамалық хабары тағы бар. Одан бөлек «Қазыналы өлке», «Әкімге сұрақ», «Q-Life», «Бүгінгі кеш», «Жан-жақты әңгіме» «Еңбеккер» «Агрокарта» «Елге қызмет» сынды оннан аса бағдарлама әр күн сайын патша көңіл көрермен назарына ұсынылып отыр.
ҚЫМБАТ ДОСЖАН
«QONAEV MEDIA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ
«Ең бастысы Алматы облысында болы жатқан жаңалықтарды көрсету. Бұл біздің басты бағытымыз. Және балаларға жастарға, ересектерге арналған бағдарламалар бар. Сонымен қатар таңертең «Q-Start» бағдарламасы бір жарым сағат бойы ойынсауықтық ақпараттық бағдарламасы шығады»
Ұлт көсемі Қонеаевтың есімін еншілеген жаңа арнамыз тәулігіне 16 сағат бойы өз көрермендеріне қызмет көрсетуде. 80 пайыз қазақ тілінде. Ал болашақта ауқымы кеңейіп, қоржыны байып, айтары тіптен салмақтана түсеріне сеніміміз кәміл.