Қаскелеңде Киокушинкай-кан каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті

Қарасай ауданында Киокушинкай-кан каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Дәстүрлі додаға еліміздің 14 өңірінен 300-ден астам спортшы қатысты. Ал «Ең үздік жауынгерлік рух» аталымын кім жеңіп алды? 

Дәстүрлі  жарыста 49 медаль жиынтығы сарапқа салынды. «Турнирде іріктелген үздік спортшылар ұлттық құрама сапына алынады» дейді жарысты  ұйымдастырушылар.

БЕКЖАН СҮНБЕКОВ
КИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ - КАН  ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ  
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бар. Бұқаралық спорт клубы, полция департаменті, жастар ресурыстық орталығы бар. Бәріміз бірлесіп ұйымдастырып отырмыз. Бұл жарыс жаш шәкірттеріміздің кәсіби жетілуіне, ары қарай республикалық және халқаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады»

Каратэ сөзі - «жалаң қолмен қорғану» ғана емес, «жаман ниететн таза бол» деген ұғымды білдіреді. Спортшы ішкі ерік-жігерімен бірге, дене күшін ақылмен қолданып, айла-тәсілдерді пайдалануы тиіс. Ол нағыз шеберлікті талап етеді. Бүгінде осы шығыс жекпежегіне қызығатын қаракөздер қатары күн санап артып келді. Соның бірі ел чемпионы – 15 жасар Зере Айтмұқамбет. 

ЗЕРЕ АЙТМҰҚАМБЕТ 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Менің қатысып жүргеніме 8 жылан бері айналысып келемін. Менің бұл спортқа деген өте көп еңбегім бар. Республикалық Керка, Черкадан екінші үшінші бірінші орындарым бар. Ендігі мақсатым азия чемпиянатына бару»

Жарыс тек мықтыларды ғана анықтап қоймайды. Жас буынға саламатты өмір салтын насихаттап, оларды спортпен тұрақты және жүйелі түрде айналысуға баулиды. 

ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ
КИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ-КАН ФЕДРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Нашақорлықтан алыс болып, салауатты өмірге жақын болып, өздерінің жақсы жетіліп көп жетістікке жетуіне алғашқы қадамдар деп ойлаймын. Біз спортты қолдасақ сол балаларымыздың жарқын болашағына қосқан үлесіміз болмақ»

Жарыс қорытындысы бойынша, “Ең үздік техника” аталымын Алматы командасы жеңіп алды.  “Ең қысқа жекпе-жекте» – Шымкенттік команда үздік болды. Ал “Ең үздік жауынгерлік рухты” жетісулық спортшылар көрсетті.  

Сондай-ақ оқыңыз: