Қапшағайда қысқы балық аулау жарысы өтті
Қапшағай су қоймасында қысқы балық аулаудан дәстүрлі жарыс өтті. Қонаев қаласында бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылған байқауға әуесқой балықшылар қатысты. Сайыстың басты талабы – ең ірі балықты аулау. Мұнда жылдамдық пен ауланған балық саны есепке алынбайды. Жеңіс - салмағы ең ауыр балықты қармаққа ілген балықшыға бұйырды.
Байқауға тәжірибелі балықшылар мен бірге әуесқойлар да қатысты. Шартқа сай балық белгіленген қауіпсіз аумақта ауланады. Іс-шара тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі.
ДАСТАН ҚҰСАЙЫНОВ
ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Ал жарысты салмағы 245 грамдық каракөз балығын ұстаған Қонаев қаласының тұрғыны Теміртас Бердіғұлов жеңді. Ол балық аулаумен ұзақ жылдан бері айналысады және демалыс күндерін көбіне су жағасында өткізеді.
ТЕМІРТАС БЕРДІҒҰЛОВ
ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ
- Айдында бірқазан байқалды. Жергілікті тұрғындар құстар қыстан аман-есен шығуы үшін үнемі қоректендіреді. Кей жағдайда бірқазан адамдарға жақындап, аулаған балықтың бір бөлігін алып кететін көрінеді. Көзге сирек түсетін құстың пайда болуы жарысқа ерекше көрік беріп, Қапшағай жағалауының табиғи сұлулығын айқындай түскендей.