Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Қонаев қаласында облыс активінің қатысуымен ел Конституциясының жаңартылған жобасы таныстырылды.
Облыстық мәслихат төрағасы әрі Конституциялық комиссия мүшесі Қуат Байғожаев Ата-заңда зайырлы қоғам қағидаттары толық сақталғанын атап өтті. Құжаттың негізгі баптарында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалады. Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет, цифрландыру және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау басты құндылық ретінде көрсетілген. Жаңа Парламент -Құрылтайдың рөлі күшейеді, вице-президент институты енгізіледі. Енді Конституцияның жаңа редакциясы жалпыхалықтық референдум арқылы бекітіледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта енгізілетін өзгерістер бойынша өңірде кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
ҚУАТ БАЙҒОЖАЕВ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ
«Бүгінгі міне біздін алғаш рет Алматы облысында Конституцияның жобасы жөнінде талқылау жұмысы жүрді. Осы Конституцияны талқылау жобасындағы негізгі, преамбуласындағы әңгімелерге тоқтадық. Содан кейін, қазіргі жаңа жобада өздеріңізге мәлім, 95 бап, 11 бөлімнен тұратындығы. Соның ішіндегі негізгі заңдардағы бір ерекшелігі бұл жердегі Құрылтай. Құрылтай жаңадан құрылады. Екі палаталы Парламентіміз тарап, бір палаталы Парламент, оның өкілеттігі кеңейтіледі. Және бұның 5 жылға сайланатындығы жөнінде. Одан кейінгі өте бір ерекшелігі мемлекет басқару жүйесіндегі вице-президент бабы қосылып отыр. Ол ішкі саясат, мемлекеттің тұрақтылығы, ғылым мен инновация мақсатында Конституцияда бекітіліп отыр»