Талғар ауданында белгілі бапкер Боранбек Қоңыратов құрметіне турнир өтті
Талғар ауданында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен белгілі бапкер, Боранбек Қоңыратовтың құрметіне арналған облыстық турнир өтті. Халықаралық деңгейде өткен жарысқа еліміздің және Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген жас балуандар қатысты.
Боз кілемде белдескен 350 ден астам балуан өзара кіл мықтыны анықтады. 38 бен 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жас спортшылар арасында осалы жоқ. «Күн сайын жалықпай жаттығу жасап, бапкердің ақыл-кеңесін тыңдайтын спортшы жеңіске жетеді» дейді елімізде күрес спортын дамытуға елеулі үлес қосып жатқан Боранбек Темірғалиұлы
БОРАНБЕК ҚОҢЫРАТОВ
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
«Қазақстанның гимн ойнатып, туын көтердік сондай дәрежеде болдық. Енді мына жастар да бір-бірімен достасып, Қазақстанның атын шығарып жатса көпке үлгі тәрбие болат. Спортта бұл жаста Қазақстан чемпионаты бар, әлем чемпионаты бар.Мұндай жарыстар тәжірибе»
Боранбек Қоңыратов грек-рим күресінен КСРО ның спорт шебері, «Парасат» орденінің иегері. Ол ел намысын әлемдік додаларда қорғаған 20 ға жуық халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындады. Олардың қатарында Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен 2012-2016 жылдардағы олимпиада ойындарының қатысушысы Алмат Кебісбаев бар.
ДАРХАН БАЯХМЕТОВ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ
«Бұл ағайдың шәкірттері ұйымдастырып жатқан жарыс. Ағайда Азия біріншілігі, Азия ойындары, әлем біріншілігі, олимпиада ойындарының бәрінен шәкірттері медаль алды. Фанат тренер дейміз ғой ағайдың сондай қасиеті мықты. Каждый детальға көңіл бөледі»
Жарыс қортындысы бойынша әр салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар чемпиондық белбеулермен, және арнайы медальдармен марапатталады.