Қар барысы көзге түсті

Алматы бөктерінде сирек кездесетін қар барысы объективке ілікті. Әуесқой фотограф Іле Алатауы аумағында жыртқышты байқап, суретке түсіріп  үлгерген.

Бейнежазбада жыртқыштың маралды олжалап тұрған сәті бар. 
Бұл деректер барыстың осы өңірде әлі де мекендейтінін көрсетеді. Айта кетейік, қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Табиғаттың әсем көрінісі мен сирек кездесетін кадр желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Сондай-ақ оқыңыз: