Ұлттық кітапхана қоры «Фарабитанудың» 20 томдығымен толықты

Ұлттық кітапхана қоры «Фарабитанудың» 20 томдығымен толықты. Жинақта ұлы ғұламаның өмірі мен ғылыми мұрасы терең зерттеліп,  кеңінен зерделенді. Ғылыми кеңестің кезекті отырысында  ғалымдар  көптомдыққа осындай баға берді.

Бұл ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми мұрасы жүйелі түрде қамтылған алғашқы көп томдық. Жақыпбек Алтаевтың жетекшілігімен жазылған кітапты  жарыққа шығаруға 2 жылға жуық уақыт кеткен. Тарихи туындыда қазақ, орыс, ағылшын, түрік және өзге де тілдердегі  тың шығармалар қамтылған. 

ЖАҚЫПБЕК АЛТАЕВ
ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
«Сонау 10-11 ғасырдан бері қандай мәліметтер, қандай шығармалар, еңбектер жазылды. Бұл жерде әсіресе Фарабидің өмірбаянына қатысты тың деректер бар. Фараби туралы ағылшын тілінде де бар, орыс тілінде де бар, болгар тілінде де хорват тілінде де бар. Қай ғалымдыкі қалай келді солай салдық»

Сонымен бірге ғылыми кеңес отырысында бірқатар оқулықтар мен монографиялық қолжазбалар жан-жақты талқыланды. Осындай жұмыс  арқылы салалық ғылыми-әдістемелік база нығайып,  оқырманға жүйелі әрі сапалы қызмет көрсетіледі. 

ҒАЗИЗА НҰРҒАЛИЕВА
ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Ұлттық кітапхана болғаннан кейін, мемлекеттік кітапхана болғанан кейін кітапхана қоры бір түзуден өту керек. Сол бір мақсатта құрылған ғылыми кеңес. Бізде сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры бар. Ол жерде бірнеше сириямен кітаптар шығардық. Төте жазумен жазылған кітаптарды төте жазуға аударып шығарып жатырмыз. 40 мыңға жуық кітапты ақтарып отыру физикалық тұрғыдан мүмкін емес сол үшін каталогтар сириясын жасадық»

Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы «Төл тарихы мен мәдениетін электронды форматқа көшіріп, оны жаһандық цифрлық өркениетке қосқан елдер ғана ұлттық болмысын сақтап қалады» деген еді. Ғылыми кеңестің де мақсаты осы ұлттық ғылымның дамуына оң әсер ету.

Сондай-ақ оқыңыз: