Ұлттық кітапханада жазушы Жақау Дәуренбековтің 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
Биыл жазушы, журналист, Қазақстан республикасына еңбегі сіңген қайраткер, «Құрмет» орденінің иегері Жақау Дәуренбековтың туғанына 80 жыл. Атаулы датаға орай ұлттық кітапханада айтулы қаламгерді еске алу кеші өтті.
Ел руханияты мен отандық журналистиканың өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосқан белгілі қаламгер Жақау Дәуренбековтың туғанына биыл 80 жыл. Бүгін Алматыдағы ұлттық кітапханада «Сарабдал сөз иесі-Жақау Дәуренбеков» деген атаумен еске алу кеші өтті. Жиынға жазушының жақындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар құстың қос қанатындай жазушылық пен журналистикада өнімді еңбектенген сөз зергері жайлы жайлы естеліктер айтты.
ҒАЛЫМ ҚАЛИБЕКҰЛЫ
Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары
Ол кісі мына 90 жылдан бері қарай республикалық ана тілі басқармасын басқарды. Ол кездегі республикалық баспалар санаулы ғана. Соны өмірінің соңына дейін биік деңгейге көтерді . Ол кісінің тұсында қазаққа керек дүниелер көп шықты.
Саналы ғұмырын әдебиет пен мәдениетке арнаған ЖАҚАУ ДӘУРЕНБЕКОВ «Жас Алаш», «Өнер», «Ана тілі» сынды белгілі басылымдарда еңбек етіп, жауапты қызметтер атқарды. Қаламгерлік өнерді қастерлеп, сансыздаған әдеби және публистикалық шығармалар жазды. Әрі қазақ тілі мәртебесін көтеру жолында да аянып қалған жоқ.
ШҰҒА РАҚЫМБЕКОВА
ЖАҚАУ ДӘУРЕНБЕКОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ
50 жылдан астам бірге тұрдық Жәкең екеуміз. Өте бір жайлы, тамаша азамат еді. Үйде өте жайлы болды. Тұла бойы үлгі еді. Оның еңбекқорлығы әр баспаны басқарып жүріп, әрі мына кітаптарды шығарды. Тіліміз шұбарланып кеткеннен кейін біз көп сөздіктер шығардық бұл өте үлкен еңбек.
Артына мол мұра қалдырған тұлға көзден кеткенмен көңілден кетпейді. Бұған дәлел жазушының жылдап жазған еңбектері. Жиында жазушы шығармашылығы жайлы көрме ұйымдастырылып, қызықты әрі тың деректер көпшілік назарына ұсынылды.